Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Адреса сайтов газет, радио и телевидения на которые отправлена информация о штормовом предупреждении:

 

ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ

 

Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!

 

«Қазгидромет» РМК-ның БҚОФ 2018 жылғы 21 маусымдағы мәліметі бойынша: 2018 жылғы 21 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында өрт қаупінің келесі деңгейлері орнатылады:

 

Орал қаласында, Қазталов, Тасқала, Теректі, Зеленов, Жәнібек аудандарында - lV дәрежелі өрт қауіпі күтіледі.

 

lV дәрежелі өрт қаупі кезінде өрт шағын от көздерінен де шығады,  тез жайылады және қосымша кішігірім ошақтарды туғызады.

 

Жаңақала, Қаратөбе, Бөрлі, Ақжайық, Сырым,  Бокей Ордасы аудандарында –  төтенше  жоғары  -V дәрежелі өрт қаупі  орнатылады.

 

V дәрежелі өрт қаупі кезінде өрт кез келген от көздері мен жоғары температуралардан пайда болады. Жану өте қарқынды болады және от тез жайылады.   

 

Облыс аумағында ауа райы жауын шашынсыз болып, ауа температурасы көтерілуіне байланысты өрт қаупінің деңгейі көтеріледі.           

 

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

 

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.