Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 

Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!

«Қазгидромет» РМК-ның БҚОФ 2019 жылғы 17 қыркүйектегі мәліметі бойынша:

 18 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде оңтүстік - батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.