Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

25.05.2018

 

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша 2018 жылғы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

26 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Орал қ.: 25 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

 

Осыған орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге халықтың қатты жел кезіндегі іс-әрекеттерін ЕСКЕ САЛАДЫ:

  • Егер Сіз ғимаратта болған кезде дауыл (алай-дүлей қатты жел, құйын) басталса, онда терезелерден алыс кетіп, ішкі жайлар, дәліздер қабырғаларының жанындағы, шкафтардағы, ванна бөлмелеріндегі, қоймалардағы, столдардың астындағы қауіпсіз орында тұрыңыз. Пештегі отты өшіріңіз, электр қуатын сөндіріңіз, газ желісіндегі крандарды жабыңыз. Тәуліктің түнгі уақытында фонарь, шам, шырағдан пайдаланыңыз: Төтенше жағдайлар бөлімшелерінен ақпарат алу үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз; мүмкіндігінше терең таса жерде, паналарда, жерқоймаларында және т.б. болыңыз. 
  • Егер дауыл, алай-дүлей қатты жел немесе құйын Сіз көшеде жүргенде басталса, онда  жеңіл құрылыстардан, ғимараттардан, көпірлерден, эстакадалардан, электр  желілерінен, мачталардан, ағаштардан, өзендерден, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алыс болыңыз. Ұшқан сынықтармен әйнәктердің сынықтарынан қорғану үшін фанераның беттерін, картон және пластмасса ұяшықтарын, тақтайларды және басқа да қолда бар амалдарды пайдаланыңыз. Елді-мекендерде болатын жер төлелерге, жер асты қоймаларға және радиацияға қарсы пана жерлерге тезірек жасырынуға тырысыңыз. Зақымданған қырылстардың ішіне кірмеңіз, өйткені олар жаңадан дауыл болғанда қирауы мүмкін. Қарлы боран кезінде ғимараттарды паналаңыз.
  • Егер Сіз егін алқабында немесе далалық жолда қалып қойсаңыз, онда ауық-ауық тазаланып тұратын және Сізге көмек көрсету мүмкіншілігі болатын магистралды жолға шығыңыз.  Шаңды дауылда бетіңізді дәке таңғышпен, орамалмен, матаның жыртысымен жауып, ал көзіңізге көзілдірік киіп алыңыз. Құйынның келе жатқаны жөнінде дабыл қағылған жағдайда дереу жасырын жерге, үйдің жер төлесіне, жер қоймаға немесе кереуеттің астына және басқа да мықты жиһаздың астына тығылыңыз.
  • Егер құйын Сіз ашық жерде болған кезде басталса, онда жол кюветінің тұнбасына, қазбаларда, ойықтарда, жіңішке аңғарларда жерге жатып, басыңызды киіммен талдың талшықтарымен жауып жасырыныңыз. Автокөлікте қалмаңыз, одан шығып жоғарыдағыдай жасырыныңыз.

 

ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ:
Құтқару қызметі -112;
Өртке қарсы қызмет 101;
Полиция -102;
Жедел жардем-103;
Газ қызметі-104.


БҚО ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы