Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 Облыс әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 22 «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындарды анықтау туралы» қаулысына сәйкес (бұдан әрі-облыс әкімдігінің қаулысы) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында 69 орын анықталды.

Облыс аумағында су айдындарында жаппай демалу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 9 жағажай сәйкес келеді (Орал қаласы-3, Бәйтерек ауданы-3, Теректі ауданы - 3):

Орал қаласы:

«Светлячок» демалыс базасы (жағажай «Батырова» ЖК бекітілген),

қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында (2 жағажай: «СК Евростандарт» ЖШС (09.06.2005 ж. № 989 Орал қаласы әкімдігінің қаулысы), «Щербатова» ЖК (12.04.2019 ж. № 17 бірлескен қызмет туралы шарт) бекітілген.);

Бәйтерек ауданы:

«Сая» демалыс аймағы Желаев карьері («Технопарк «Социум» ЖШС-не бекітілген, Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 511 Қаулысы),

«Мечта» кемпингі («Нафта» сауда үйі» ЖШС бекітілді) (БҚО әкімдігінің 03.10.2016 ж. № 286 қаулысы)

қала сыртындағы "Дубрава" кешені (Зеленов ауданы әкімдігінің 29.07.2016 ж. № 550 қаулысымен бекітілген).

Теректі ауданы:

"БҚО ІІД" демалыс аймағы, Шалқар көлі (Теректі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 248 қаулысымен бекітілген),

"Тенгизнефтестрой "ЖШС, Шалқар көлі (Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 106 қаулысымен бекітілген),

"Нурлан Адыевич Нұрланов" демалыс аймағы, Шалқар көлі (Теректі ауданы әкімдігінің 14.07.2015 ж. № 7 қаулысымен бекітілген).

«Металлист» ауданында және «Коминтерн» ауданында жағажай қызметтерінің жабдықтарына арналған жер учаскесі инвестициялық жобада тұр. Аудандарда жаппай демалуға арналған орындар нақты иелеріне бекітілмеген, өйткені кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар жоқ.

2019 жылдың басынан облыс су айдындарында 25 суға бату фактісі тіркеліп, 25 адам қаза болды, оның ішінде 6 бала суға батты (2018 жылдың ұқсас кезеңінде: судағы жазатайым оқиғалар-45, суға батып кеткендердің саны-45 адам, оның ішінде 5 бала). 16 адам құтқарылды, оның 8-і бала.

2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының су айдындарында 262 адам қаза болды, оның 72-сі бала.

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-3 шешімімен тыйым салынған шомылу орындары анықталды. Қауіпті және демалу мен шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларының учаскелерінде 308 тыйым салу белгісі және 151 ақпараттық стендтер орнатылды (қазіргі уақытта қосымша белгілерді жаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде).

Балаларды оқыту 35 жерде жүзеге асырылады, оның ішінде:

ашық су айдындарында -6 (Бөрлі-1, Тасқала-1, Ақжайық-1, Қаратөбе аудандары-1, Орал-2);

модульдік-қаңқалы бассейндерде - 22 (Казталов-3, Бөкейорда-4, Бөрлі-3, Ақжайық-2, Жәнібек-2, Қаратөбе-2, Теректі-2, Бәйтерек-2, Сырым – 1, Жаңақала - 1);

жабық бассейндерде – 7 (Шыңғырлау – 1, Жаңақала-1, Бөрлі-1, Ақжайық - 1 және Орал қаласы-3).

Облыс аумағында 19 жазғы балалар лагері бар. Облыс аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан балалар лагерлерінің саны 6, онда Департаменттің «БҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ (бұдан әрі – ЖҚЖ) құтқарушылары жағажай акваториясының түбін тексерді. Сонымен қатар, балалар лагерьлерінде судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық стендтер орнатылды және Департаменттің ЖҚЖ базасында балалар лагерлерінің 76 адамнан тұратын нұсқаушылары мен әдіскерлеріне су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

Барлығы 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, 2 катер және 15 автокөлік рейдтерді жүргізу үшін дайындалды.

ЖҚЖ сүңгуірлері қыс мезгілінде бассейндерде 553 баланы жүзуге үйрету жұмыстарын жүргізді, жазғы кезеңде ЖҚЖ аумағында орналасқан 3 су айдынында, «Евразия» туристік-сауықтыру кешені (Орал қ.) және «Самал» туристік лагерінде (Орал қ.) балаларды жүзуге үйрету ұйымдастырылды, жазғы кезеңде барлығы 367 бала жүзуге оқытылды.

«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ сүңгуірлері демалыс базалары иелерінің өтініштері бойынша жағажайлардың түбін тазарту жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін әрбір демалыс базаларының иесі орындалған жұмыстар туралы акт алады, онда жағажайдың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жазылған.

Департамент күшімен облыс орталығындағы су қоймаларында, атап айтқанда Коминтерн поселкесінде және Стела ауданында, «Металлист» зауыты, Затон ауданында патрульдеу ұйымдастырылады. Сондай-ақ 2 бекет (қалалық мәдениет саябағы және Курени ауданы) ұйымдастырылды. Стелла мемориалы ауданында ағымдағы жылдың 17 маусымынан бастап 22 адамнан құралған еріктілер жасағының кезекшілігі 4 жерде ұйымдастырылды (қалалық мәдениет саябағы, Курени ауданы, Стелла ауданы, Елизарова көшесі, Коминтерн)

Жергілікті полиция қызметімен бірге адамдар шомылатын жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Патрульдеу кезінде құтқарушылар суға шомылып жүрген азаматтармен ескерту сипатында әңгіме жүргізіп, 7926 дана судағы қауіпсіздік шаралары туралы парақшалар мен буклеттер таратылды. 606 000 теңгеге 96 айыппұл салынды.

Суға түсу маусымы кезеңінде LED-экрандарда медициналық мекемелерде, Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан телеэкрандар бойынша Департамент әзірлеген 5 бейнероликтің трансляциясы тұрақты түрде жүргізіледі.

Орал қаласы, «Галактика» және «Сити центр» сауда ойын-сауық орталықтарында адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері бар бейнероликтер көрсетіледі, сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жүгіртпе жолда көрсетіледі. Сонымен қатар, Орал қаласының бас көшелерінің қиылысында жыл сайын видеоэкрандарда осы тақырыптағы бейнероликтер көрсетіледі.

Жалпы саны 9000 дана судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық парақшалардың 3 түрі, сондай-ақ жалпы саны 2000 дана Брайль бедерлі-нүктелі шрифтіндегі парақшалар әзірленді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптары мен ережелері жеткізіледі.

Жаппай демалу орындарында «Судағы жүріс-тұрыс ережелері», «Суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету», «Жүзу құралдарын пайдалану ережелері» тақырыптары бойынша көрнекі стендтер, сондай-ақ құтқару қызметтерінің нөмірлері орнатылған.

БАҚ-та сөз сөйлеу бойынша

2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысының су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бекітілген жоспарға сәйкес департамент 2019 жылда: теледидар - 73, радио - 124, баспа басылымдары - 82, ақпараттық агенттіктерде - 132, ҚР ІІМ ТЖК сайтында - 31, БҚО ТЖД сайтында - 56 мақала, интерактивті сабақтарда-1, семинарларда-1 және брифингтерде- 9 сөз сөйледі.

Облыстың су айдындарында халықтың жаппай демалатын орындарын азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша

2019 жылдың І жартыжылдығында азаматтық қорғаныс саласында 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында бұрын берілген нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.