Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

25.05.2018

 

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша 2018 жылғы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

26 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Орал қ.: 25 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

 

Осыған орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге халықтың қатты жел кезіндегі іс-әрекеттерін ЕСКЕ САЛАДЫ:

  • Егер Сіз ғимаратта болған кезде дауыл (алай-дүлей қатты жел, құйын) басталса, онда терезелерден алыс кетіп, ішкі жайлар, дәліздер қабырғаларының жанындағы, шкафтардағы, ванна бөлмелеріндегі, қоймалардағы, столдардың астындағы қауіпсіз орында тұрыңыз. Пештегі отты өшіріңіз, электр қуатын сөндіріңіз, газ желісіндегі крандарды жабыңыз. Тәуліктің түнгі уақытында фонарь, шам, шырағдан пайдаланыңыз: Төтенше жағдайлар бөлімшелерінен ақпарат алу үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз; мүмкіндігінше терең таса жерде, паналарда, жерқоймаларында және т.б. болыңыз. 
  • Егер дауыл, алай-дүлей қатты жел немесе құйын Сіз көшеде жүргенде басталса, онда  жеңіл құрылыстардан, ғимараттардан, көпірлерден, эстакадалардан, электр  желілерінен, мачталардан, ағаштардан, өзендерден, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алыс болыңыз. Ұшқан сынықтармен әйнәктердің сынықтарынан қорғану үшін фанераның беттерін, картон және пластмасса ұяшықтарын, тақтайларды және басқа да қолда бар амалдарды пайдаланыңыз. Елді-мекендерде болатын жер төлелерге, жер асты қоймаларға және радиацияға қарсы пана жерлерге тезірек жасырынуға тырысыңыз. Зақымданған қырылстардың ішіне кірмеңіз, өйткені олар жаңадан дауыл болғанда қирауы мүмкін. Қарлы боран кезінде ғимараттарды паналаңыз.
  • Егер Сіз егін алқабында немесе далалық жолда қалып қойсаңыз, онда ауық-ауық тазаланып тұратын және Сізге көмек көрсету мүмкіншілігі болатын магистралды жолға шығыңыз.  Шаңды дауылда бетіңізді дәке таңғышпен, орамалмен, матаның жыртысымен жауып, ал көзіңізге көзілдірік киіп алыңыз. Құйынның келе жатқаны жөнінде дабыл қағылған жағдайда дереу жасырын жерге, үйдің жер төлесіне, жер қоймаға немесе кереуеттің астына және басқа да мықты жиһаздың астына тығылыңыз.
  • Егер құйын Сіз ашық жерде болған кезде басталса, онда жол кюветінің тұнбасына, қазбаларда, ойықтарда, жіңішке аңғарларда жерге жатып, басыңызды киіммен талдың талшықтарымен жауып жасырыныңыз. Автокөлікте қалмаңыз, одан шығып жоғарыдағыдай жасырыныңыз.

 

ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ:
Құтқару қызметі -112;
Өртке қарсы қызмет 101;
Полиция -102;
Жедел жардем-103;
Газ қызметі-104.


БҚО ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

 

 - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 

 

 - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 

 

 - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 


 - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 

 

 - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 

 

 - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 


 - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар. 

 

  1. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері 

 

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

 

 

       III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз:

 

      Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. 

 

     - Егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. 

 

     - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. 


      - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. 


     - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

 

 

  1. Су иірімінен шығудың тәсілдері 

      - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. 
      - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. 
      - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз. 
  

  1. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет 

       Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.

 

      - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз. 

 

     - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз. 

 

     - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз. 

 

  1. Суық судың қауіптілігі 

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс    болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық   суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас  күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат. 

 

        VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек: 

 

Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше  тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. 


- қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын  судан босатуға кірісу; 

 

- қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің  әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір затпен ашу керек. 


- ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек. 

 

- қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан  - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек тұсына бір алақанды қойып  екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.