Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 

 

Елді мекендерде, саяжай және бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ даярлау үшін жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) пайдалану кезінде:

 

1) мангал (барбекю, гриль) орнын өрт сөндіргіш затының салмағы кемінде 2 кг бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау;

 

2) жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдардың (мангалдың, барбекюдің, грильдің) жиегінен бастап ғимараттар мен құрылыстарға дейін ең қысқа қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы қажет.

 

Жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді):

 

1) құрғақ өсімдіктері бар орындарда;

 

2) ағаштардың түбінде;

 

3) жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында;

 

4) тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда;

 

5) шаруашылық құрылыстарда, гараждарда, шатырларда, жазық төбелерде орнатуға жол берілмейді.     

 

Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ас даярлау аяқталған соң бықсу толық тоқтағанға дейін жанған көмірге су құю қажет.