Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

07.04.2017

2017 жылғы  15 наурызда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымына – бас маман лауазымы тылдық қамтамасыз ету тобы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін) - 1 бірлік, С-О-5 санаты хабарландыру жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бас маманы Кайрлы Кадыровна Кулдашева және «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Аумақтық қорғаныс басқармасы қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Жанаргул Болатовна Камешова, сондай-ақ байқаушы ретінде – «Татар мәдениетінің орталығы» Қоғамдық бірлестігі филиалы  өкілі  Светлана Владимировна Тенишева шақырылды.

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 1 үміткер тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына өтініш берді.

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесуге барлық ұсынылған өтініштер мен конкурсқа қатысушының қажетті құжаттарының жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

2017 жылғы 31 наурыз күні С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткермен әңгімелесу өткізілді.

Үміткермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкесті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

Үміткермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін)  бос лауазымына Азамат Нурланович Туркеев ұсынылсын.