Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Азаматтық қорғау жүйесінің ең басты мақсаты су айдындарында адамдардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау болып табылады. БҚО ТЖД Жергілікті атқарушы және мүдделі органдарымен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайларды алдын алу бойынша кешенді іс-шараларжүргізілуде.

 

2018 жылдың жазғы мезгілінде су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу бағытындағы шараларды жүзеге асыру үшіноблыс әкімімен «Облыстағы су айдындарында ТЖ алдын алу бойынша жоспар» бекітілді.

 

Жоспарда су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар көзделіп, нақты орындалу мерзімдері көрсетілген. Сондай-ақ, тиісті қызметтер мен ұйымдарға судағы қауіпсіздік шараларын және тұрғындарға суға түсуге жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар анықталған.

 

Департаментпенбрифингтер, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеулерөткізілуде. Облысымздың су айдындарындағы жалпы демалыс орындарында, сондай-ақ апатты жағажайларда су айдындарында қаза болуды алдын алу шаралары туралы жаднама үйлестіруімен патрульдеу мен рейдтер жүргізілуде, сондай рейдтер БҚО ІІД ЖПҚ бірлесіп өткізілуде. Қазіргі таңда 9348 жаднама үйлестіруімен 543 рейдтер жүргізілді. Осы бағытта волонтерлар қатыстырылуда. Суға шомылу маусымы басталмастан бұрын Білім басқармасымен бірлесіп интерактивтік сабақтар жүргізілді.

 

Жергілікті полиция қызметі және БАҚ бірлесіп «Су құрбандарына – жол жоқ» акциясы өткізілді.

 

А.ж. 3 мамыр күні мүдделі мемлекеттік органдармен, олар Білім басқармасы, ЖПҚ, Көліктік бақылау инспекциясы, саяжай қоғамы, Мәдени және демалыс саябағы т.б. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Отырыста жазғы маусым кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру және облыс тұрғындарының суға шомылу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша мәселелер қаралды. Сонымен қатар, суға түсу маусымы кезінде жоспарланған профилактикалық шараларды ұйымдастыру және қатыстырылатын адам есебі нақтыланды. Су айдындарында, адамдар көп жиналатын орындарында профилактикалық шараларды өткізуге судағы қауіпсіздік шараларды сақтау бойынша қазақ және орыс тілдерінде 12000 жаднамалар жасалды соның ішінде «Брайля» 2000. Осы алдын алу шараларда еріктілер ретінде «Жас Отан» жас қанатының мүшелері қатыстырылады. Сонымен қатар, емханаларда, қоғамдық көліктерде, көшелерде орналасқан  LED-экрандарда, кинотеатрларда «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында бейнероликтер жарияланатын болады. Білім басқармасымен бірлесіп балаларды суда жүзуге үйрету бойынша ұйымдастырылатын шаралар талқыланды.

 

Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес облысымызда 69 орын белгіленді, қазіргі уақытта оларды нақты иелердің атына тіркеу жүргізілуде, бұл үлкен шаруа, осы бағытта жұмыс жалғасуда.

 

Қазіргі уақытта қаламыз бойынша 4 жағажайлар бар. Олар Мәдени және демалыс саябағында 3 орын және «Светлячок» туристік базасында 1 орын.

 

Білім басқармасы ақпараты бойынша суға шомылу облысымыздың ашық су айдындарында 6 лагерде ұйымдастырылды (Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Қаратөбеаудандарыжәне «Еуразия» и «Самал»лагерлері), бассейіндерде 11 лагерлерде (Ақжайық, Жәнібек, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандары, Орал қаласы – 1 ден,Казталов – 4).

 

Балаларды суда жүзу дағдыларына, судағы қауіпсіздік тәртібіне үйрету үшін облысымызда 16 модульды-каркасты бассейіндер бар: Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Зеленов аудандары 2, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандары 1, Казталов ауданы – 4. Қосымша 2019 жылы 11 модульды-каркасты бассейіндер алыну жоспарланды.

 

Мектеп және балар-сауықтыру лагерлері директорларының, сондай-ақдемалу орнындары иелерінің өтінімдеріне сәйкес облыс және қала аумағында орналасқан су айдындарында 14 жағажайлардың су астын тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

Қазіргі таңда облыс су айдындарында «Суға түсуге тыим салынады» белгілері және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы стендттер орнатылды.

 

Жалпы облыс бойынша мамырдан бастап қыркүйекке дейін су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған барлық алдын алу іс-шаралары өткізілу жоспарлануда.

 

Алайда, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған шараларға қарамастан Батыс Қазақстан облысында 2018 жыл суға шомылу маусымы басынан бері су айдындарында 2 адам қаза болды. 2017 жылдың есепті кезеңінде облыс бойынша суда 18 адам қаза тапты, оның ішінде 5 жасөспірім.

 

Тұрғындардың суда қаза болуының басты себептері:

 

- ата-аналардың балаларды суға шомылу кезінде қараусыз қалдыруы;

 

- ересектердің алкоголь ішімдіктерін ішіп, суға мас күйінде шомылуы;

 

- суға шомылуға тиым салынған жерлерде шомылу;

 

- балалардың суда абайсыз ойнауы.

 

Облыс аумағындағы су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар одан әрі жалғасуда.