Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер

27.09.2018

 

27 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында жылыту маусымына дайындық бойынша брифинг өтті.

23.08.2018

 

23 тамызда өңірлік орталық коммуникациялық қызмет алаңында «Суға шомылу маусымы және өртқауіпті кезеңі» тақырыбындағы брифинг өтті. Брифингте журналистер алдында облыстың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ихсанов сөз сөйледі.

11.07.2018

 

10 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар кызметінің ақпараттық алаңында «Жазғы мезгілде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында брифинг өтті.  Брифингте өңірлік журналистер алдында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник  А. Ахметжанов, Жедел-құтқару жасағының суда-құтқару қызметі басшысы А. Еремеев қатысты.

14.06.2018

 

14 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н. Таубековтің, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясы басшысы Қ.Қадешевтің сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

23.05.2018

 

23 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі және суға шомылу маусымы тақырыбындағы брифинг өтті. Брифинг жұмысына БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков, Табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары  Махамбет Матенқожа, БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Турегелдиев, БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бакытжан Ихсанов, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

02.05.2018

 

Өткен сенбіде өңірлік ОКҚ алаңында «Жаз кезеңіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Өрт қауіпті кезеңіне өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен орман шаруашылығы мекемлерінің дайындығы туралы» тақырыбындағы брифинг өтті. Брифингке БҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков қатысты.

26.03.2018

 

 

2018 жылдың 26 наурызында аймақтық коммуникациялық орталық қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың, «Казгидромет» РМК филиалының директоры Н.Шияптың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.