Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер

26.03.2018

 

 

2018 жылдың 26 наурызында аймақтық коммуникациялық орталық қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың, «Казгидромет» РМК филиалының директоры Н.Шияптың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.  

27.02.2018

 

 

2018 жылдың 27 ақпан күні өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың, «Қазгидромет» РММ филиалының директоры Н.Шияп, табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу  облыстық  басқарма бастығының орынбасары М.Ихсангали, «Казводхоз» өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өтті.

19.01.2018

 

 

17 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жылу беру маусымы және улы газ», «Құдайға шоқыну» мейрамында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» және «Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өткен болатын. Брифинг жұмысына БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Отаров Марс Тасқалиұлы, БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ихсанов Бахытжан Мағзомұлы, БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Амангелді Махметұлы Ешмуханов, БҚО ТЖД ЖҚЖ Суда құтқару қызметі бөлімшесінің басшысы-құтқарушысы Еремеев Алексей Викторович және БҚО ТЖД Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сарсенғалиев Марлен Ерболатұлы қатысты.

17.11.2017

 

Баршаға белгілі болғандай, улы газ- бұл органикалық заттардың толық жанбайтын өнімі болып табылады. Бұл газдың түсі, дәмі мен иісі жоқ бұл газ теріні және шырышты қабығын тітіркендірмейді, сондықтан органолептикалық ауада анықталмайды. Бұл удың  көзі іштен жанатын қозғалтқыштар, реттелмейтін пештерді жылыту, пәтерлердегі және басқа үй-жайларда газ құбырларына зақым келтіретін кез-келген жалын  болуы мүмкін. Және жылу  беру маусымы ең қауіпті кезең болып саналады.

30.10.2017

 

Ағымдағы жылдың 27 қазаны күні Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасында азаматтық қорғау майоры М. Е. Сарсенгалиевпен, апаттар медициналық орталығы және «КазТрансГАЗ» АҚ өкілдерінің қатысуымен қалалық «ТДК-42»  телеарнасы, сондай-ақ «Мой город» газетіне жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы түсінік берілді.

23.10.2017

 

Батыс Қазақстан облысында жылу беру маусымына дайындық шеңберінде БҚО ТЖД қызметкерлерінің, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Энергетика және тұрғын-коммуналды шаруашылық басқармасы» ММ өкілдерінің  қатысуымен «Өрт қауіпсіздігін ескерту және жылу беру маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

23.10.2017

 

2017 жылдың 29 қыркүйегі күні облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссия отырысы өткен болатын.