Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Ағымдағы жылғы суға шомылу маусымы кезінде облыстың су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

 

Суға шомылу маусымының басынан бері облыс бойынша су айдындарында 230 рейдтік шара жүргізілді, соның ішінде 130 рейд Жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Рейдтер барысында судағы қауіпсіздік ережелері тақырыбына 7000-нан астам парақшалар таратылды, Жергілікті полиция өкілдерімен 93 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Телеарналарда 39, радиода 54, облыстық газеттерде 46, аудандық газеттерде 49, Департамент пен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің веб-сайттарында - 36 ақпарат жарияланды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері балалардың жазғы демалыс лагерлерінде 202 түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудандық жергілікті атқарушы органдардың күшімен су айдындарында 121 тиым салу белгілері мен судағы қауіпсіздік ережелері туралы 113 плакаттар мен билбордтар орнатылды.

2016 жылғы суға шомылу кезеңінің басынан бері облыс аумағында су айдындарында 20 адам қаза тапты, оның ішінде 9 жасөспірім. 2015 жылғы есепті кезеңінде облыс бойынша суда 28 адам қаза тапты, оның ішінде 13 жасөспірім.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 22 адамды, оның ішінде 8 жасөспірімді судан құтқарды.