Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

16.02.2017

 

16 ақпан күні Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында 2017 жылғы су тасқынына дайындық шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ж.Жұмашев, «Казгидромет» РМК директоры Д.Оралымбетов, «ЖайықТазаҚала» ЖШС директоры Б.Әмірғалиев қатысты.

 
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ж.Жұмашев қарастырылып жатқан мәселенің және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығына назар аудара отырып, су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтты. Сонымен қатар алдын ала болжам мен қар қорының нормасы, Өлеңті, Шижа 2, Деркөл, Шаған, Шідерті өзендерінің күтіліп отырған су көлемінің шамасы туралы баяндады.
Ресейдің ТЖМ Орынбор және Саратов облыстарымен Жайық, Шаған, Сары өзен және Қара өзен бойынша болжамды және жедел ақпарат алмасу, сонымен қатар Ириклинск және Варфоломеевск су қоймаларынан судың жіберілуі бойынша да ақпарат алмасу жүзеге асуда.
Күштер мен құралдардың дайындығы «Көктем-2017» республикалық командалық штабтық жаттығу барысында тексеріледі (ҚР ІІМ жоспары бойынша, наурыз айының басында өткізіледі). 
Жалпы алғанда, су тасқыны жағдайында тартылатын күштер мен құралдарының есебі: 76 құрылымды, 1946 жеке құрамды, 920 техника бірлігін, соның ішінде 431 бірлік арнайы техника, 39 бірлік жүзу құралын, 125 бірлік мотопомпаны құрайды. ТЖ департаментінің бөлімшелерінде 5 ұтқыр топ құрылатын болады. Су тасқыны қауіпті телімдерді инженерлік техникаларға ие ұйымдарға бекіту жоспарланып отыр. Су тасқыны қауіпті аймағынан тұрғындарды көшіру үшін эвакуациялық пунктер дайындалуда. 
2017 жылы облыстың төтенше резервінде 546,6 млн. теңге қарастырылған. Су тасқынының алдын алу және зардабын жою үшін мынадай көлемде: 335 тонна ЖЖМ, 23 мың тонна инертті материал, 137 мың қапшық қоры дайындалды. 
Жалпы су тасқының өтуі облыс әкімдігі басшылығы мен ТЖ Депаратаментінің бақылауында. 
Су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.


БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы