Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

02.05.2018

 

Өткен сенбіде өңірлік ОКҚ алаңында «Жаз кезеңіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Өрт қауіпті кезеңіне өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен орман шаруашылығы мекемлерінің дайындығы туралы» тақырыбындағы брифинг өтті. Брифингке БҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков қатысты.

Нұрлан Сейдаханұлының айтуынша ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан облысы аумағында жалпы ауданы 724 га 57 жану тіркелген.

- Жанулардың негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуі. Аталған бағытта Департамент Жергілікті полиция қызметінің атты батальонымен бірлескен жұмыстар атқаруда. Бүкіл өрт қауіпті маусымында орман және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар бөлімі өкілдерімен бірлесіп рейдтік шаралар жүргізу үшін бірлескен рейдтік шаралар кестесі бекітілді, - деді Н.Таубеков.

Өз баяндамасында БҚО ТЖД бастығының орынбасары Н.Таубеков қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 7 өрт сөндіру бекеттерін, оның 3-ін Бөрлі ауданынының Өспен, Ақсу, Киров ауылдарында, 2-ін Зеленов ауданының Үлкен Шаған, Егіндібұлақ ауылдарында және Теректі ауданының Аңқаты ауылында және Казталов ауданы Болашақ ауылдарында құрғанын айтты. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 25 шақырымды қамтитын жақын орналасқан 22 елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі бекіткен «Қоғамды ТЖ-дан қорғау»  жобасын іске асыру бойынша іс-шара жоспары шеңберінде Ақжайық, Казталов, Тасқала, Жаңақала және Зеленов аудандарында өрт бекеттерін құру қарастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспары бекітілді, - деп жалғастырды өз сөзін Нұрлан Таубеков.

Сондай-ақ, бастықтың орынбасары  облыстағы суға шомылу маусымын ұйымдастыру мәселесін де айналып өтпеді. БҚО ТЖ департаменті хабарлағандай, былтырғы жылдың суға шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында 18 адам суға батып кеткен, оның 5-і бала.

Н.Таубековтің айтуынша су айдындарындағы адам қазасының негізгі себептері ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы, алкоголдік ішімдік ішіп суға түсу, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу және балалардың судағы тентектігі.

- Жалпы алғанда облыс бойынша мамыр айынан қыркүйек айы аралығында су айдындарындағы оқиғаларды және ондағы адам қазасын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларының тұтас кешенін өткізу жоспарлануда, - деп түйіндеді Н.Таубеков.

Сөз сөйлеулер аяқталған соң спикерлерге журналистер өз сұрақтарын қойып, оларға толық жауап берілді.

 

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы