Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.05.2018

 

23 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі және суға шомылу маусымы тақырыбындағы брифинг өтті. Брифинг жұмысына БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков, Табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары  Махамбет Матенқожа, БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Турегелдиев, БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бакытжан Ихсанов, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрлан Сейдаханұлының айтуынша орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша міндеттерді шешу үшін 2018 жылдың өртқауіпті маусымындағы өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.

- Батыс Қазақстан облысы аумағында есептік кезең ішінде техногендік және табиғи сипаттағы 18 төтенше жағдай тіркелді, бұларда 17 адам зардап шекті, олардың ішінен екеуі қаза болды. Сондай-ақ, жыл басынан бастап облыс бойынша 211 өрт тіркелді, оларда 10 адам зардап шегіп, 2 адам қаза болды. Егер адамдардың судағы қазасының алдын алу жұмысын ұйымдастыру бойынша айтар болсақ, соңғы 10 жылдағы облыстың су айдындарындағы адамдар қазасын егжей-тегжейлі талдаудың нәтижелерін қарастыру қажет, талдау адамдар қазасы жағдайының 35 пайызына – мас күйінде суға түсуі, 39 пайызы – суға түзу кезіндегі судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе жүзу білмеуі, 12 пайызы балардың ересектердің қарауынсыз суға түсуі себеп болғанын көрсетті, - деді Н.Таубеков.

Азаматтық қорғау майоры Нурлан Таубековтың айтуынша аумақтық қағида бойынша суға батудың жалпы санының 43%-ы Орал қаласында, 20%-ы Зеленов ауданында, 9%-ы Ақжайық ауданында орын алған. Осы көрсеткіштерге халықтың көптігі және су айдындарының саны ықпалын тигізетінін айтып кеткен жөн.

Сондай-ақ, ТЖ департаментінде хабарлағандай жазатайым оқиғалар санының шыңы негізінен маусым және шілде айларында тіркеледі. Бұл біздің аймақтың ауа райы жағдайына байланысты (ыстық, құрғақ айлар). Жас санаты бойынша 40%-дан астамын 18-26 жасқа дейінгі жастар құрайды.

Ерлан Турегелдиевтің айтуынша бүгінде облыста 48 адамнан тұратын 14 жұмылдыру топтары құрылған, олардың құрамында Жергілікті полиция қызметінің, Табиғи ресурстар басқармасының, Ауыл шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері бар.

- Сондай-ақ, қазіргі уақытта 150 ерікті өрт сөндіру құрамалары құрылды. олардың жарақтануында - 2966 адам, 9 автоцистерна 448 басқа беймдетілген техникалар, 2036 аспалы өрт сөндіргіш құрал мен 105 мотопомпа және 1546 басқа алғашқы құралдар бар. Қосымша жергілікті атқарушы органдардың күштер мен құралдары дайындыққа келтірілді, оларда 521 бірлік бейімделінген техника, 15 бірлік өрт сөндіру техникасы, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамнан 3424 адам бар, - деді Е.Турегелдиев.

Суға шомылу маусымына дайындық бойынша ТЖЖБ басшысы Б.Ихсанов облыс бойынша балалардың суға түсуіне арналған 19 орын, соның ішінде су айдындарында шомылуға арналған 9 модульді-қанқалы бассейн, 4 жабық бассейн және жабдықталған 6 орын ұйымдастырылғанын айтты.

Осы жылы қосымша 13 жазғы модульді-қанқалы бассейндер сатып алу жоспарлануда. 2017 жылы Департаменттің жедел-құтқару жасағы базасында балаларды жүзу дағдыларына үйрету үшін жағажай ашылды, сонда 90-нан астам балаға жүзу дағдысы үйретілді. 2017-2018 ж.ж. қысқы кезеңде Орал қ. бассейндерінде 440 бала суда жүзу дағдыларына үйретілді. Сондай-ақ, Департамент бөлімшелері суға шомылу маусымы кезінде міндеттерін орындау үшін дайындыққа келтірілді. Барлық қажетті жабдықтар және құралдар жинақталды. Жазғы маусымда су айдындарындағы жұмысты орындау бойынша 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, рейдтер өткізу үшін 2 катер және 29 автокөлік, бұдан бөлек аудандардың ТЖБ-сынан 14 іздестіру-құтқару автокөліктері дайындалды, - деді Б.ихсанов.

Брифингті қортындылай келе БҚО ТЖД бастығының орынбасары Н.Таубеков Департаменттің күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңі мен суға шомылу маусымына дайын екенін ерекше атап өтті. Спикерлерге журналистер өз сұрақтарын қойып толық жауаптар алды.

 

БҚО ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы