Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

14.06.2018

 

14 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н. Таубековтің, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясы басшысы Қ.Қадешевтің сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

 

Брифингте алғашқы болып сөз алған Н. Таубеков ағымдағы жылдың басынан бастап орын алған өрт оқиғаларына тоқталды. Батыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 22,1 га құрайтын 2 орман өрті және жалпы аумағы 2735 га құраған жану жағдайлары тіркелді (2017 жылы 845 аумақты құраған 143 жанулар). Өрт шығуының негізгі себептері - халықтың отпен абайсыз болуы және рұқсат етілмеген құрғақ шөптерді жағуынан салдарынан екендігін атап өтті.

 

Аталған бағытта Департамент Жергілікті полиция қызметімен тығыз байланыста олардың атты батальонын тарту арқылы рейдтер апта сайын өткізіледі. Өрт қауіпті кезең уақытында орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің өкілдерімен бірлескен рейдтер өткізу графигі бекітілген болатын деп атап өтті.

 

Қазіргі уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 9 өрт сөндіру бекеттерін құрды. Атап айтқанда: 3-і Бөрлі ауданынының Өспен, Ақсу, Киров ауылдарында 2-і Зеленов ауданының Үлкен шаған, Егіндібұлақ ауылдарында және Теректі ауданының Аңқаты ауылында және Казталов ауданы Болашақ ауылдарында, Сырым ауданы Тоғанас ауылы және Ақжайық ауданы Алғабас ауылдарында құрылды. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 25 шақырымды қамтитын жақын орналасқан 22 елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

 

Сондай-ақ жоғары тәуекел дәрежедегі объектілерді тексеру жағдайларына тоқталды.

 

Аумақтық инспекциясы басшысы Қ.Қадешев өз сөзінде жылсайын бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік иеленушілердің орманды қорғау, күзету, молықтыру және мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман өсіруі бойынша тексерістер жүргізу жөнінде жоспар құрып, бекітіледі. Тексерістер кезінде анықталған кемшіліктер бойынша орман иеленушілерге Қазақстан Республикасының анықталған орман заңнамасының бұзылғанын жою жөнінде ұйғарым беріледі. 2018 жылдың өрт кауіпті маусымға дайындықты тексерістер нәтижесінде инспекция, мемлекеттік орман иеленушілердін өрт қауіпі бар маусымға дайындық дәрежесі 5 – 6,4 балл,  яғни орташа деп бағалады.

 

  Орман өрттерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367, 372, 387 баптарын басшылыққа алады. Ағымдағы жылда бөлім қызметкерлері 9 хаттама толтырып, оның ішінде 2 хаттама ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары үшін жеке тұлғаларға толтырылып, 3 хаттама орманды тұрмыстық қалдықтармен бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға толтырылып және 4 хаттама лауазымды тұлғаларға ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпағаны үшін толтырылды (кесілген ағаштың шығарылмай қалған қалдықтары орман өрттерінің пайда болуына әсер етеді) деді өз сөзінде Қ. Қадешев.

 

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы