Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.07.2018

 

10 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар кызметінің ақпараттық алаңында «Жазғы мезгілде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында брифинг өтті.  Брифингте өңірлік журналистер алдында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник  А. Ахметжанов, Жедел-құтқару жасағының суда-құтқару қызметі басшысы А. Еремеев қатысты.

 

Журналистер алдында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник  А. Ахметжанов сөз алып, азаматтық қорғау жүйесінің ең басты мақсаты су айдындарында адамдардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау болып табылады. БҚО ТЖД Жергілікті атқарушы және мүдделі органдарымен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайларды алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

 

2018 жылдың жазғы мезгілінде су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу бағытындағы шараларды жүзеге асыру үшіноблыс әкімімен «Облыстағы су айдындарында ТЖ алдын алу бойынша жоспар» бекітілді.

 

Жоспарда су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар көзделіп, нақты орындалу мерзімдері көрсетілген. Сондай-ақ, тиісті қызметтер мен ұйымдарға судағы қауіпсіздік шараларын және тұрғындарға суға түсуге жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар анықталғанын атап өтті.

 

Сондай-ақ облысымздың су айдындарындағы жалпы демалыс орындарында, сондай-ақ апатты жағажайларда су айдындарында қаза болуды алдын алу шаралары туралы жаднама үйлестіруімен патрульдеу мен рейдтер жүргізілуде, сондай рейдтер БҚО ІІД ЖПҚ бірлесіп өткізілуде. Қазіргі таңда 9348 жаднама үйлестіруімен 543 рейдтер жүргізілді. Осы бағытта волонтерлар қатыстырылуда. Суға шомылу маусымы басталмастан бұрын Білім басқармасымен бірлесіп интерактивтік сабақтар жүргізілді, - деді А. Ахметжанов.

 

Суда-құтқару қызметінің басшысы А. Еремеев болса, суға түсуге арналған орындар туралы жалпы ақпаратпен.

 

Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес облысымызда 69 орын белгіленді, қазіргі уақытта оларды нақты иелердің атына тіркеу жүргізілуде, бұл үлкен шаруа, осы бағытта жұмыс жалғасуда.

 

Қазіргі уақытта қаламыз бойынша 4 жағажайлар бар. Олар Мәдени және демалыс саябағында 3 орын және «Светлячок» туристік базасында 1 орын.

 

Білім басқармасы ақпараты бойынша суға шомылу облысымыздың ашық су айдындарында 6 лагерде ұйымдастырылды (Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Қаратөбеаудандарыжәне «Еуразия» и «Самал»лагерлері), бассейіндерде 11 лагерлерде (Ақжайық, Жәнібек, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандары, Орал қаласы – 1 ден,Казталов – 4).

 

Балаларды суда жүзу дағдыларына, судағы қауіпсіздік тәртібіне үйрету үшін облысымызда 16 модульды-каркасты бассейіндер бар: Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Зеленов аудандары 2, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандары 1, Казталов ауданы – 4. Қосымша 2019 жылы 11 модульды-каркасты бассейіндер алыну жоспарланды.

 

Мектеп және балар-сауықтыру лагерлері директорларының, сондай-ақдемалу орнындары иелерінің өтінімдеріне сәйкес облыс және қала аумағында орналасқан су айдындарында 14 жағажайлардың су астын тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

Қазіргі таңда облыс су айдындарында «Суға түсуге тыим салынады» белгілері және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы стендттер орнатылды.

 

Жалпы облыс бойынша мамырдан бастап қыркүйекке дейін су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған барлық алдын алу іс-шаралары өткізілу жоспарлануда, - деді А. Еремеев.

 

Сонымен қатар, подполковник А.Ахметжанов облыс бойынша статистика келтірді. Айта кетсек, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған шараларға қарамастан Батыс Қазақстан облысында 2018 жыл суға шомылу маусымы басынан бері су айдындарында 2 адам қаза болды. 2017 жылдың есепті кезеңінде облыс бойынша суда 18 адам қаза тапты, оның ішінде 5 жасөспірім.

 

Брифинг соңында өз сұрақтарын журналисттер қойып, тұшымды жауаптарын алды.

 

Батыс Қазақстан облысының

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы