Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.08.2018

 

23 тамызда өңірлік орталық коммуникациялық қызмет алаңында «Суға шомылу маусымы және өртқауіпті кезеңі» тақырыбындағы брифинг өтті. Брифингте журналистер алдында облыстың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ихсанов сөз сөйледі.

 

Баяндамамен сөз алған азаматтық қорғау майоры Таубеков Нұрлан су айдындарындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау – Азаматтық қорғау жүйесінің басты міндеттерінің бірі екенін және БҚО ТЖ департаменті Жергілікті атқарушы және мүдделі органдармен бірлесіп жаз кезеңінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізуде екенін атап өтті.

 

- Қашықтағы елді мекендерді өрт сөндіру бекеттерімен қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бүгінгі таңда 12 өрт сөндіру бекеті құрылды. Олардың ішінде 2018-2020 жылдарға арналған қорғалмаған елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт бекеттерін ұйымдастыру жоспарына сәйкес осы жылы 5 өрт бекеті құрылды.  Бұл өрт сөндіру бекеттері 20 километр радиустағы жақын орналасқан 40-тан аса елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді Н.Таубеков.

 

Нұрлан Сейдаханұлының айтуынша, табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша бүгінгі таңда 2966 адамнан тұратын 150 ерікті өртке қарсы құралымдар (ЕӨҚ) жасақталған. Елді мекендерді қорғау бойынша ЕӨҚ жарағында 9 автоцистерна, 448 басқа бейімделу техникасы, 1701 аспалы өрт сөндіргіш, 105 мотопомпа және 156 басқа алғашқы құралдар бар.

 

Сондай-ақ, бастықтың орынбасары Департамент және басқа уәкілетті органдардың орман алқаптарындағы және адамдардың көпшілік демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізген бірлескен рейдтері туралы да айтты.

 

- Өрт қауіпті кезеңі басталысымен апта сайын демалыс күндері Орал қаласының ТЖБ және аудандардың ТЖБ қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рұқсат етілмеген от жағуды анықтау үшін рейдтік шараларды өткізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ӘҚК 367-бабы бойынша 265 100 теңге соммаға айыппұл түріндегі 22 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Н.Таубеков.

 

Өз кезегінде азаматтық қорғау подполковнигі Ихсанов Бақытжан 2018 жылғы жаз кезеңінде су айдындарындағы адамдар өлімінің алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Облыстың су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарын бекіткенін айтып өтті.

 

Жоспарда су айдындарындағы адам өлімінің алдын алуға бағытталған барлық кешенді шаралар нақты орындау мерзімдері көрссетіліп, сондай-ақ судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша тиісті қызметтер мен ұйымдарға жүктелген міндеттер, азаматтар үшін тиісті жағдайлар жасау көзделген.

 

- Облысымздың су айдындарындағы көпшілік демалыс орындарында, сондай-ақ апатты жағажайы бар су айдындарында қаза болудың алдын алу шаралары туралы жаднама үйлестіру арқылы патрульдеу мен рейдтер жүргізілуде, сондай-ақ, рейдтер БҚО ІІД ЖПҚ-мен бірлесіп өткізілуде. Қазіргі таңда 11348 жаднама үйлестіру арқылы 728 рейд жүргізілді. Осы мақсатта еріктілер тартылды. Суға шомылу маусымы басталмастан бұрын Білім басқармасымен бірлесіп интерактивтік сабақтар жүргізілді, - деді Б.Ихсанов.

 

Сондай-ақ, Бақытжан Мағомұлы су айдындарындағы адамдар өлімінің негізгі себептерін, суға батудағы алғашқы іс-әрекеттер және т.б. туралы да әңгімеледі.

 

Жоғарыдағы айтылғандарға қоса азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ихсанов облыс бойынша статистиканы келтірді. Мәселен, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілген шараларға қарамастан 2018 жылғы суға шомылу маусымында 8 суға бату фактісі тіркелді, оның 2-і кәмелетке толмаған бала,  2017 жылы 18 адам қаза тапты, оның 5-і жасөспірім.

 

Брифинг соңында журналистер өз сауалдарын қойып оларға толық жауап алды.

 

БҚО ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы