Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

27.09.2018

 

27 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында жылыту маусымына дайындық бойынша брифинг өтті.

Брифингке Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ихсанов қатысты.

Брифинг барысында Н.Таубеков облыста жылыту маусымын қауіпсіз өткізу үшін Департаментте іс-шаралар қатары өткізіліп жатқанын атап өтті.

- Адамдар өлімін болдырмау, сондай-ақ, облыс аумағындағы тұрғын үй секторындағы өрттерді тұрақтандыру  мақсатында 2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазан аралығына тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі бойынша айлығы жарияланды – деді Н.Таубеков.

 Жылыту маусымы алдындағы алдын алу жұмыстарын күшейту үшін Жергілікті полиция қызметімен, «ҚазТрансГазАймақ» ФАО және «ЗапКазРЭК» АҚ-мен Батыс Қазақстан облысының тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде өткізілетін алдын-алу шараларының жоспары жасалды. Бұл іс-шараға қатысушы әр ұйымға 5000-нан астам данадан үгіт-насихат жаднамалары берілді. Қазіргі уақытта «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбына бейнеролик әзірленді. «Талап» радиосында күн сайын әрбір 3 сағат сайын жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы профилактикалық ақпарат айтылады. Барлық ірі үйлер мен базарларда дауысты байланыс құралдарымен өртке қарсы үгіт-насихат айтылады.

ТҮКШ басқармасымен бірлесіп апробациалық режимде 40 көппәтерлі тұрғын үйлердегі 240 подъезді қамтыған ақпараттық-профилактикалық табличкалар орналастырылды. 

Департамент қызметкерлері «ӨС және АҚЖҚ» ММ-мен бірлесіп аптасына екі рет жедел-штаб автокөлігіне орнатылған қатты дауысты байланыс құралымен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы адамдарды құлақтандырады. Аралау қаланың адамдар көп жүретін көшелерінде, сондай-ақ, тұрғын үй секторы тығыз орналасқан аудандарында жүргізіледі.

  • «Сити Центр» ОСК, «Галактика» ОК, «Орал» ОСК, сондай-ақ қаланың барлық ауруханаларында жарнамалық LED-экрандарда, сондай-ақ қаланың кинотеатрларында сеанстар көрсетудің алдында өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілуде. Қазіргі уақытта бұл кинотеатрлар сауда-ойын-сауық орталықтарында өрт болған жағдайда, олардың ерекшеліктеріне сәйкес алғашқы әрекеттер туралы өз бейнероликтерін жасайды. Облыс тұрғындарына әлеуметтік желілер («WhatsApp», «Facebook», «В Контакте», «Инстаграм») арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша бейнероликтер, жаднамалар таратылады, - деді Н.Таубеков.

Брифинг соңында журналистер өз сауалдарын қойып оларға толық жауап алды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы