Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

04.12.2018

 

4 желтоқсан күні «Жайық-Пресс» ЖШС ғимаратындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өтті. Брифинг жұмысына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Турегелдиев Ерлан қатысты.

 

Өз баяндамасында Ерлан Аблаевич Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралары, сондай-ақ жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт туындаудың ықтималдығы арта түсетінін атап өтті.

 

- Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін, БҚО ТЖД гарнизоны қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысатын болады, өзара іс-қимыл және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Полиция департаментімен мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шараларының жоспары келісіліп БҚО ПД ЖПҚБ учаскелік инспекторларымен бірлесе пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз қолданған орындарға рейдтік аралаулар өткізіледі. Сондай-ақ облыстың білім беруді ақпараттандыру орталығының базасында балалардың өрттің туындауына қарсы әрекет етуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында аудандар мен Орал қаласының мектептерін қамти отыра «Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері» тақырыбындағы интерактивті сабақ өтізіліп, мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар жүргізілетін болады, - деді Е.Турегелдиев.

 

Брифинг соңында журналистер өз сауалдарын қойып, оларға толық жауап алды.

 

Құрметті қала тұрғындары! Жаңа жыл мерекелерін тойлау кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды өтіне сұраймыз!

 

Жаңа жыл мейрамы кезіндегі өрттен сақтану шаралары

  • Шыршаның безендіргіштері ретінде жылдам жанғыш ойыншықтарды, мақта, шырақты, қағазды қолданбаңыз;
  • Электр ойыншақтары зауытта жасалуы қажет;
  • Шыршаны бекем орынға орнатыңыз;
  • Жылықтыш құрылығылардың қасына шыршаны орнатпаңыз;
  • Балаларға өз бетінше электройыншықтарын қосқызбаңыз;
  • Жеңіл мата, мақта, қағаздан жасалған маскарад киімімен шырша жанында балаларға ойнау рұқсат етілмейді;
  • Шыршаның түскен жапырақтарын уақытылы жинаңыз, олар кеуіп өртке алып келуі мүмкін;
  • Шыршаны шығар жолға бөгет болмайтындай етіп орнатыңыз;
  • Істен шыққан от ойыншықтарды қолданбаңыз;
  • От шашқыш ойыншықтарды тек далада пайдаланыңыз;
  • Көпшілік адам жиналатын жерде, қылтимада, қатты жел кезінде от шашқыш ойыншықтарды пайдаланбаңыз;
  • Қолдан жасалған өрт шашқыш ойыншықтарды пайдаланбаныз;
  • Жасөспірім және одан кішкентай балаларға өрт шашқыш ойыншықты бермеңіз;
  • Өрт шашқыш ойыншықты арнайы дайындалған жерден атыңыз.

 

ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА:

  • Жедел түрде өрттен құтқару қызметін «101» немесе «112» нөмерін теріп шақырыңыз;
  • Адамдарды сыртқа қауіпсіз жерге шығарыңыз;
  • Құрылғыларды электр көзінен ажыратыңыз;
  • Қолды бар заттармен өртті сөндіруге тырысыңыз;
  • Жасанды шырша өртенген кезде оны қолмен ұстамай, үстінен тығыз мата немесе көрпе жабыңыз.

 

Жадыгер Кусайнов

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы