Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

16 шілде күні өңірлік комміникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың, БҚО ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Д.Сатарова, БҚО білім басқармасының және БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг тақырыбы «Суға шомылу маусымы мен өрт қауіпті кезеңін қауіпсіз өткізу».

Ақылбек Қосманұлының айтуы бойынша, облыс аумағында су айдындарында көпшіліктің демалысына барлығы 5 жағажай сәйкес келеді: Орал қаласында - 3 және Бәйтерек ауданында - 2.

- 2019 жылдың басынан облыс су айдындарында 24 адам қаза болды, оның ішінде 7 бала суға батып кетті. 13 адам құтқарылды, оның 7 бала. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-3 шешімімен тыйым салынған шомылу орындары анықталды. Қауіпті және демалу және шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларының учаскелерінде 247 тыйым салу белгісі орнатылды.  Қазіргі уақытта қосымша белгілерді жаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде, - деді А.Ахметжанов.

Сонымен қатар, облыс аумағында 19 жазғы балалар лагері бар. Облыс аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан балалар лагерлерінің саны 6, онда Департаменттің Жедел-құтқару жасағының (бұдан әрі – ЖҚЖ) құтқарушылары жағажай акваториясының түбін тексерді. Сонымен қатар балалар лагерьлерінде судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық стендтер орнатылды және Департаменттің ЖҚЖ базасында балалар лагерлерінің нұсқаушылары мен әдіскерлеріне 72 адам көлемінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтар өткізілді.  «БҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ сүңгуірлері қыс мезгілінде бассейндерде 553 баланы жүзуге үйрету жұмыстарын жүргізді, жазғы кезеңде балаларды «БҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ аумағында орналасқан 3 су айдынында, «Евразия» туристік-сауықтыру кешені  және «Самал» туристік лагерінде жазғы кезеңде барлығы 180 бала жүзуге оқытылды.

- Департамент күшімен облыс орталығындағы су қоймаларында, атап айтқанда Коминтерн поселкісінде және Стела ауданында, «Металлист» зауыты, Затон ауданында патрульдеу ұйымдастырылады. Сондай-ақ 2 бекет (қалалық мәдениет саябағы және Курени ауданы) ұйымдастырылды. Стелла мемориалы ауданында ағымдағы жылдың 17 маусымынан бастап 22 адамнан құралған еріктілер жасағының кезекшілігі 4 жерде ұйымдастырылды  (қалалық мәдениет саябағы, Курени ауданы, Стелла ауданы, Елизарова көшесі, Коминтерн), - деді А.Ахметжанов.

Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы