Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

2019 жылдың суға шомылу маусымы басталғалы Батыс қазақстан облысының су айдындарында суға батудың 22 фактісі тіркеліп, 24 адам суға батып кетті, оның 7-і бала.

2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін облысымыздың су айдындарында 262 адам суға батты, оның 72-сі бала. Осы себептен Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы адам өлімінің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.

Мәселен, 18 шілде күні Киров атындағы қалалық саябақ жағажайында БҚО ТЖ департаменті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Депаратмент бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың қатысуымен көшпелі брифинг пен баспасөз турын өткізді. Журналисттерге сұхбат беру барысында, А.Ахметжанов қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларында 247 тыйым салу белгісі орнатылып, қазіргі таңда қосымша белгілерді жаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.

- Облыста балаларды оқыту 26 жерде жүзеге асырылады, оның ішінде ашық су айдындарында - 6, модульдік-қаңқалы бассейндерде – 16 және жабық бассейндерде – 4. БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері қыс мезгілінде бассейндерде 553 баланы жүзуге үйретіп, жазғы кезеңде балаларды 3 су айдынында "БҚО ТЖД ЖҚЖ" ММ, «Евразия» туристік-сауықтыру кешені және «Самал» туристік лагері аумағында жүзуге үйрету ұйымдастырылуда, - деді А. Ахметжанов.

Шара барысында, БАҚ қызметкерлеріне суда құтқару қызметтері мен халықты құлақтандыру, сондай-ақ жүзуге үйрету, суда құтқару мастер-класы, суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету бойынша шаралары көрсетілді. Сонымен қатар, шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде рейдтік шара жүзеге асырылды.

Өкінішке орай, азаматтардың бәрі бірдей құтқарушылардың өтініштеріне құлақ аса бермейді. Адамдардың суайдындарында қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыруы, мас күйде суға түсуі, жабдықталмаған және суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылуы, сондай-ақ судағы балалардың ойнауы болып табылады.

Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, өз бейқамдығыңыздың су құрбанына айналмаңыздар!

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс бөлімі