Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

2019 жылдың суға шомылу маусымы басталғалы Батыс қазақстан облысының су айдындарында суға батудың 19 фактісі тіркеліп, 20 адам суға батып кетті, оның 4-і бала. 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін облысымыздың су айдындарында 262 адам батып кетті, оның ішінде 72 бала. Осы себептен Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы адам өлімін алдын алуға бағыттанған кешенді профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.

Осылай, 5 шілде күні Жедел-құтқару жасағының оқу жағажайында БҚО ТЖ департаментімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Депаратмент бастығының генерал-майор Ж.Жұмашевтің қатысуымен көшпелі брифинг пен баспасөз турын өткізді. Журналисттерге сұхбат беру барысында, А.Ахметжанов қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларында 247 тыйым салу белгісі орнатылып, қазіргі таңда қосымша белгілерді жаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.

- Облыста балаларды оқыту 26 жерде жүзеге асырылады, оның ішінде ашық су айдындарында - 6, модульдік-қаңқалы бассейндерде – 16 және жабық бассейндерде – 4. БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері қыс мезгілінде бассейндерде 553 баланы жүзуге үйретіп, жазғы кезеңде балаларды 3 су айдынында "БҚО ТЖД ЖҚЖ" ММ, «Евразия» туристік-сауықтыру кешені және «Самал» туристік лагері аумағында жүзуге үйрету ұйымдастырылуда, - деді Ж.Жұмашев.

Шара барысында, БАҚ қызметкерлеріне суда құтқару қызметтері мен халықты құлақтандыру, сондай-ақ жүзуге үйрету, суда құтқару мастер-класы, суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету бойынша шаралары өткізілді. Сонымен қатар, шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде рейдтік шара жүзеге асырылды.

Өкінішке орай, азаматтардың кейбіреулері құтқарушылардың өтініштеріне құлақ аспайды. Адамдардың суайдындарында қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыруы, мас күйде шомылу, жабдықталмаған және суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылу, сондай-ақ судағы балалардың ойнауы болып табылады.

Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, өз бейқамдылығыңыздың құрбанына айналмаңыздар!

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс бөліміІшкі және сыртқы коммуникациялар тобы