Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

1 тамыз күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың, Батыс Қазақстан облысымедициналық апаттар орталығы филиалының басшы-дәрігері Р.Байарыстановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте талқыланған негізгі тақырыптардың бірі «Чапаево» трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы болды.

Брифинг барысында Рафих Сағидулленұлы "Чапаево" ТМҚП-ның негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету, РКШОЖ, КШОЖ, ТСУ-ға қатысу, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу және т. б. екенін атап өтті.

 

  • 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Чапаево" ТМҚП қызметкерлері 132 шығу жасады, оның жол-көлік оқиғасына - 104, медициналық қамтамасыз етуге – 1, басқаларға - 2, өзі жүгінгендерге - 24 шығуды жүзеге асырды. Сондай-ақ, пункт қызметкерлері 126 адамға медициналық көмек көрсетіп, 108 адамды эвакуациялады, оның ішінде 1 бала, 76 адам ауруханаға жатқызылды, – деді Р. Байарстанов.

Р. Байарстановтың айтуынша, пункттің ұйымдық-штаттық құрылымы 4 фельдшерден, 2 фельдшер-диспетчерден, 2 жүргізуші-құтқарушыдан, 2 санитардан және 2 құтқарушы-санитардан тұрады. Бүгінгі күні жинақталу 100% құрайды. Техникалық жабдықтау бойынша 2013 жылы шығарылған реанимобиль (Hyundai County) бар, ол барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы