Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

6 тамыз күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың ТКШ және «Бат Қаз ЭТК» АҚ ҚЭЖ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте 2019 жылғы 5 тамыздағы қатты желдің салдары талқыланды.

- 5 тамызда БҚО-ның кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтілді, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Орал қ.: 5 тамызда күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с. 4 тамыз күні Департамент халықты дауылды алдын ала ескерту және DARMEN мобилді қосымшасы туралы ақпараттандыру бойынша 5 тамызда SMS-хабарлама таратты. «112»-нің 4 телефон желісіне екпінді жел бойынша 400-ден аса және бірыңғай «109» CallCenter-ге 300-ден аса қоңырау мен 200 өтінім түсті, - деді А.Ахметжанов.

Ақылбек Қосманұлы хабарлағандай, әр түрлі жарақаттармен 2003 ж.т. азаматша, 1988 ж.т. азамат, 2011 ж.т., 1945 ж.т. азаматшалар, 1989 ж.т. азамат ауруханаға жатқызылған, 1950 ж.т. азаматша ауруханаға жатудан бас тартқан.

  • Қатты желдің салдарынан шатырлардың (жабындардың) құлауы Ақжайық, Казталовка, Жәнібек, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында электртарату желілерінің үзілуі тіркелді. Тұтас алғанда облыстағы жағдай тұрақты. ТЖ салдарын жою жүргізілуде, - деді А.Ахметжанов.

Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы