Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

7 тамызда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс залында  «Өрт қауіпті кезеңі және суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БҚО ТЖД-ның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы» және де соңғы жағдайларға байланысты «Дауылды алдын ала ескерту 05.08 және 06.08» тақырыптарға баспасөз-конференциясы өткізілді.

Баспасөз-конференциясына БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев, Облыстық денсаулық сақтау, білім, табиғат ресурстары мен табиғат пайдалану, ауыл шаруашылық, ТҮКШ басқармалары мен «Батыс Су Арнас» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, БатысҚазЭТК өкілдері қатысты.

- 2019 жылдың басынан облыс су айдындарында 25 адам қаза болды, оның ішінде 7 бала суға батып кетті. 16 адам құтқарылды, оның 8-і бала. 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының су айдындарында 262 адам қайтыс болды, оның 72-сі бала. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері - ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы, мас күйде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, судағы балалардың тентектігі, - деді Ж.Жұмашев.

Өз баяндамасында Департамент бастығы өрт қауіпті кезеңінің басынан 3 (2018 ж. - 4) жалпы алаңы 18,7 га және 201 (2018 ж. - 230) қураған ағаштың жануы тіркелгенін айтты. Облыс бойынша табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні 2759 адамнан тұратын 150 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Елді мекендерді қорғау бойынша ЕӨҚ-ның жарағында 126 су тасушы, 367 трактор, 366 басқа бейімделген техника, 1758 аспалы өрт сөндіргіш, 119 мотопомпа және 1648 басқа да алғашқы құралдар бар.

Жергілікті полиция қызметімен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, қоқыс пен алауды заңсыз жағудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Қазіргі уақытта 111 жеке тұлғаға 95 рейд барысында ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша хаттама толтырылып, 17 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 367-бабы бойынша 17 хаттама толтырылып, 243 662,5  теңге көлемінде айыппұл салынды.

- "Қазгидромет" РМК Батыс Қазақстан филиалының мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 4 тамызында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) халықты дауылды алдын ала ескертумен хабардар ету бойынша SMS-хабарлама жіберді, сондай-ақ ақпарат "DARMEN" мобильдік қосымшасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. «112»-нің 4 телефон желісіне екпінді жел туралы 400-ден аса және «109» бірыңғай CallCenter-ге 300-ден аса қоңыраулар мен өтініштер түсті. Төтенше жағдайлар фактілерін жою бойынша барлық авариялық және құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, инфрақұрылым қалпына келтірілуде, - деді Ж.Жұмашев.

Баспасөз-конференция соңында БАҚ өкілдері спикерлерге өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы