Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімшелерінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмыс ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 19 маусымдағы №163 бұйрығы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылғанын хабарлайды.

         Қазіргі уақытта газ-түтіннен қорғау қызметі Қызметтің 19 бөлімшесінде, оның ішінде 12 аудандық өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған. Орал қаласы және Бөрлі ауданыАқсай қаласының бөлімшелеріндегі газ-түтіннен қорғаушылар РА 90 Pius Basic “Drager” сығымдалған ауа аппаратында жұмыс жасайды барлығы-132 дана. Басқа аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы ACB MSA AUER жұмыс жасайды барлығы-76 дана, сондай-ақ №14 ӨСБ «Drager»  маркалы автономды типтегі компрессормен және АП 98-7к аппараттарымен 4 дана және 4 композитті баллондармен жарақталған.

Жоғарыда көрсетілген аппараттардан басқа Қызмет жарағында АП-98-7К-27 аппарат, АСВ-2- 7 аппарат, АИР-2-1 аппарат бар. Баллондарды ауамен толтыруды жүргізу 6 компрессоры бар гарнизонның ГТҚҚ базасында жүзеге асырылады, сондай-ақ балллондарды ауамен толтыруға арналған екі компрессор 8-ӨСБ, 14 ӨСБ, 22 ӨСБ, 24 ӨСБ және 24 ӨСБ ауа толтыру пунктерінде (біреуі автономды  және екіншісі стационарлық типтегі) орналасқан. Ағымдағы жылы БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ балансына комперссорлық құрылғы түскен жоқ.

         ГТҚҚ бар бөлімшелер бақылау постымен жабдықталған, ГТҚҚ аға шеберлері қолда бар аппараттардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады және тиісті тексеруді жүргізеді.Панорамалық маска және баллондардың герметикалығын тексеру үшін бақылау посттары және ГТҚҚ базасы он бір тестермен жарықтандырылған: 2008, 2011, 2012,2013 және 2014 жылдары алынған 6-уы “Drager” және 2-уі MSA AUER фирмаларынан, сондай-ақ 3-уі АП-98-7К аппараты.

2014 жылдың соңында гарнизон жарағына ауа баллондарын гидравликалық сынауға арналған стенд түсті. Қазіргі уақытта стенд ГТҚҚ гарнизондық базасында орнатылған. 2015 жылы аталмыш стендта 258 сығымдалған ауа баллонның сынағы жүргізілді.

Қазіргі уақытта гарнизонның газ-түтіннен қорғаушылар саны- 434 адам, оның ішінде Орал қаласында -224, Ақсай қаласында -57 адам, аудандық бөлімшелерде-152 адам. Газ-түтіннен қорғаушылардың машықтануы мен сабақтары БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебі аумағындағы жылутүтінкамерасында және БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 4 ӨСБ  аумағындағы психологиялық даярлық жолағында өтеді.Аудандық бөлімшелердің газ-түтіннен қорғаушыларының ГТҚҚ бойынша нормативтерге дайындалу сабағы ай сайын таза ауада жүргізіледі. Сабақ ҚР ІІМ ТЖК өртке қарсы қызмет гарнизоны және бөлімдері жеке құрамын арнайы дайындық бағдарламасына және газ түтіннен қорғау қызметі бойынша нұсқаулық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Газ-түтіннен қорғаушылардың жауынгерлік дайындығын көтеру және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жыл сайын БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде үздік газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру және үздік ГТҚҚ буыны облыстық байқау-конкурсы өткізіледі.