Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Азаматтық қорғау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.

38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау

  1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау процесінде бақыланады.

  1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

      1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.

  1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру нәтижелерінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

      Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тексеру аяқталатын күні тексерілетін субъектіге тапсырылады.

      Субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi.

  1. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.
  2. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге тексерулерден босатылады.

 

59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары

  1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды жəне оны сөндіруді, авариялық-құтқару жəне кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары ведомстводан, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен жəне білім беру ұйымдарынан тұрады.

60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі

  1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – бұл өрт пен одан келтірілетін зиянды (нұқсанды) болғызбауға бағытталған, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің күштері мен техникалық құралдарының жиынтығы.
  2. Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, өртке қарсы ерікті құралымдарды, өрт сөндіру-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, ведомствоның білім беру ұйымдарын, өрт сөндіру-техникалық өнiмдер шығаратын кәсiпорындарды қамтиды.
  3. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті органның басшысы бекітетін қағидаларда, нұсқаулықтарда регламенттеледі.

 

2015 жылдың 29 қазандағы №375-V

ҚР Кәсіпкерлік кодексі

 

1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер

129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар

  1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.
  2. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне, меншiк нысандарына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Осы Кодексте:

      1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;

      2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;

      3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;

      4) бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.

  1. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күшi:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауға;

      2) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға;

      3) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

  1. Осы тараудың күшi:

      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

      2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;

      3) сот төрелігі;

      4) жедел-iздестiру қызметi;

      4-1) қарсы барлау қызметі;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

  1. Осы Кодекстің 130, 131 және 158-баптарын қоспағанда, инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға байланысты қатынастарға осы тараудың күші қолданылмайды.
  2. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында тізбеленген қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
  3. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
  4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
  5. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
  6. Осы баптың 10-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері

  1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.
  2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 142-бабының 1-тармағында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.

131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер

  1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
  2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
  3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
  4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

132-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер.Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң)қызметiне қойылатын талаптар

  1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тексерілетін субъектілер болып табылады.

      Тексерiлетiн субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік тексерілетін объект болып табылады.

  1. Тексерiлетiн субъектiлердiң (объектілердің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.

133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi

      Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.

134-бап. Мемлекеттік бақылау

  1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
  2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
  3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
  4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.

      Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.

      Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

135-бап. Мемлекеттік қадағалау

  1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.
  2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.
  3. Қадағалау:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

      2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.

136-бап. Жедел ден қою шаралары

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
  2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп төндiретін жағдайда, қолданады.

137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

  1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау мынадай нысанда жүзеге асырылады:

      1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi - осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;

      2) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары.

  1. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезінде:

      1) осы баптың 3-тармағында көзделген жадайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

      Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға қолданылмайды.

  1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;

      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;

      3) егер бару "Рұқсаттар және хабраламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;

      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестiгіне инспекциялау жүргiзілген;

      5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылау жүзеге асырылған;

      6) iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларының сақталуы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырған;

      7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы бойынша бақылау жүзеге асырылған;

      8) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген;

      9) егер бару "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған;

      10) карантинді объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтауға аумақты зерттеп-қарау жүргізілген;

      11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін оларды қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақталатын мемлекеттiк астық ресурстарын іріктеумен байланысты болған;

      12) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай ықтимал қатер төндірген жағдайларда, бұл бұзушылықтардың жолын кесу, профилактикасы және алдын алу мақсатында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған жағдайларда жүргiзіледi.

  1. Бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу жеткіліксіз болатын және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау және қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.
  2. Осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанын жүргізу үшін:

      1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар тексерілетін субъектілер (объектілер) шеңберін айқындау мақсатында қолда бар ақпаратқа, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;

      2) бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанына жататын тексерілетін субъектілердің (объектілердің) тізбесі бақылау және қадағалау органы бірінші басшысының бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанын тағайындау туралы актісінде айқындалады;

      3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанының нысанасы болып табылады.

  1. Осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанын жүргізу туралы негізсіз шешім қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
  2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.
  3. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексерулер жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Бақылау:

      1) электр энергетикасы саласында;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша алып тасталды көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына;

      4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;

      5) газ және газбен жабдықтау саласында;

      6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;

      8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;

      9) атом энергиясы саласында;

      10) автомобиль көлiгi саласында;

      11) темiржол көлiгi саласында;

      12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

      13) көлiк саласында;

      14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

      15) iшкi су көлiгi саласында;

      16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

      17) техникалық реттеу саласында;

      18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;

      19) метрология саласында;

      20) тұрғын үй қорын басқару саласында;

      21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;

      22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;

      23) тұқым шаруашылығы саласында;

      24) астық нарығын реттеу саласында;

      25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;

      26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;

      27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;

      28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

      29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;

      30) жердi пайдалану мен қорғауға;

      31) геодезиялық және картографиялық қызметке;

      32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;

      33) қалдықтармен жұмыс істеуге;

      34) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;

      35) азаматтық қорғаныс саласында;

      36) өрт қауiпсiздiгi саласында;

      37) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

      38) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;

      39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;

      40) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулердiң ұйымдастырылуына және жүргізілуіне;

      41) инфекциялық аурулардың профилактикасы жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;

      42) бiлiм беру жүйесiне;

      43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;

      44) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына;

      45) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;

      46) халықты жұмыспен қамту саласында;

      47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;

      48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;

      49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;

      50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;

      51) байланыс саласында;

      52) ақпараттандыру саласында;

      53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      54) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 11-тармағынан қараңыз.

      54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;

      55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;

      56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;

      57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;

      58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;

      59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;

      60) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

      60-1) коллекторлық агенттіктердің қызметіне;

      61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының вексель және валюта заңнамасының сақталуына;

      62) экономикалық шоғырлануға;

      63) бәсекелестікті қорғау саласында;

      64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалануға;

      65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында;

      66) бағалау қызметi саласында;

      67) табиғи монополиялар салаларында;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

      68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;

      68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;

      69) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына;

      70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;

      71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;

      72) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;

      73) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;

      74) күзет қызметiне;

      75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;

      76) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;

      77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;

      78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;

      79) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

      80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;

      81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;

      82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;

      83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;

      84) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындалуына;

      85) спорт объектiлерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасына;

      86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;

      87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;

      88) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;

      89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына;

      90) биоотын айналымы саласында;

      91) биоотын өндiру саласында;

      92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;

      93) ғарыш қызметi саласында;

      94) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына;

      95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;

      96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

      97) ветеринария саласында;

      98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;

      99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;

      100) автомобиль жолдары саласында;

      101) баланың құқықтарын қорғау саласында;

      102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;

      103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;

      104) рұқсаттық бақылау саласында;

      105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;

      106) өнеркәсiп саласында;

      107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;

      108) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;

      109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;

      110) мемлекеттік статистика саласында;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

      111) органикалық өнім өндіру саласында;

      112) қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларының сақталуына;

      113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады;

      114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.

      Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Қадағалау:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;

      2) азаматтық авиация қызметiне;

      3) халықаралық әуе тасымалдарына;

      4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

      5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

      6) iшкi су көлiгi саласында;

      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

      8) ветеринария саласында;

      9) өсiмдiктер карантинi саласында;

      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

      11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;

      12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

      13) кредиттiк бюролар қызметіне;

      14) инвестициялық қорлар қызметiне;

      15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;

      16) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;

      17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

      18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.

2-параграф. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

140-бап. Тексерудің жалпы мәселелері

  1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:

      1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;

      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;

      3) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.

  1. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
  2. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;

      3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;

      4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;

      5) "Ішкi су көлiгi туралы" және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;

      6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;

      7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;

      9) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуіне;

      10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;

      11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына;

      12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;

      12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;

      13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;

      14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға;

      15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына;

      16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына;

      17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптардың сақталуына;

      18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;

      19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;

      20) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жөніндегі талаптарды сақтауына;

      21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;

      22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;

      23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына;

      24) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;

      25) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.

  1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
  2. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.

      Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.

  1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қабылдайды.
  2. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады.
  3. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

      Осы тармақтың күшi:

      1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

      3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;

      4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақтың екінші бөлігін 5) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

141-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді)топтарға бөлу

  1. Мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексерiлетiн субъектiлердi төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
  2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары қолданылатын тексерiлетiн субъектiлер (объектiлер) жатады.

      Тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.

      Тексерулер тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.

      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектiлерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:

      1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;

      2) атом энергиясы саласында;

      3) өрт қауіпсіздігі саласында;

      4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивтік материалдар мен заттардың айналысы мен оларды қолданудың белгіленген қағидаларының сақталуына;

      5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың төртінші бөлігін 8) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі:

      1) тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде – жарты жылда бір реттен;

      2) тәуекел дәрежесі орташа болған кезде – жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және

      6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады.

      Тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.

      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың он бесінші сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тексерулердің жартыжылдық кестелерінің жобаларында сол бір тексерілетін субъектiлер (объектiлер) белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган кестелердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді (объектiлерді) тексерулер жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.

      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың оныншы желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың оныншы мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

      Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;

      2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;

      3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдар ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

  1. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялығы ескеріле отырып, Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
  2. Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
  3. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтар бойынша жатқызуды, сондай-ақ тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлуді әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
  4. Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай тексерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.

142-бап. Ведомстволық есепке алу

  1. Міндетті ведомстволық есептілік тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын және басқа көрсеткіштерді ведомстволық есепке алуға арналған есептілік нысаны болып табылады.

      Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті ведомстволық есептілікті толтыруға міндетті.

  1. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.

      Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын орналастырылады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.

  1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.

143-бап. Тексеру парақтары

  1. Реттеуші орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.

      Бекітілген тексеру парақтары мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

  1. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.
  2. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.

144-бап. Тексеру түрлерi

  1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

      2) ішінара;

      3) жоспардан тыс.

      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.

      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ішінара тексеру болып табылады.

      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – жоспардан тыс тексеру болып табылады.

  1. Тексерулер көлемі бойынша:

      1) кешенді;

      2) тақырыптық болып бөлінеді.

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру – кешенді тексеру болып табылады.

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру – тақырыптық тексеру болып табылады.

  1. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

      1) тексеру нәтижесінде және бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

      2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

      7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

      8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне байланысты қайта тексеру;

      9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

      10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;

      11) тексерiлетiн субъектiнiң "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруының басталғаны туралы хабарлама беруi;

      12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.

  1. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
  2. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
  3. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда, объектiлерге жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.
  4. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар етпестен жүргiзiледi.
  5. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге асырылады.

      Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.

  1. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркеместен жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
  2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.

      Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

145-бап. Тексеру тағайындау туралы акт

  1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде жүргiзiледi.
  2. Тексеру тағайындау туралы актiде:

      1) актiнiң нөмiрi мен күнi;

      2) мемлекеттiк органның атауы;

      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;

      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.

      Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеру тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;

      6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;

      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;

      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;

      9) тексерiлетiн кезең;

      10) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi;

      11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.

146-бап. Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу

  1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кіріс органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.

      Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.

      Тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелуi осындай тексерудiң заңдылығына дәлелдеме болып табылмайды.

      Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер кәсіпкерлік субъектілері бойынша тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға жіберiледі.

  1. Бақылау және қадағалау органының тексерудi тағайындау туралы актiсi тексеру басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тiркеледi.

      Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзiмдерiн ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

  1. Тексерудi жүргiзу қажеттiлігi қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қатерді дереу жоюды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тiкелей олардың жолын кесу қажеттiлігiне қарай және дәлелдемелерді бекiту үшiн кезек күтірмейтін iс-қимылдар жүргізуге байланысты тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тексеру басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

147-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi

  1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын тексерiлетiн субъектiге жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

      Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлауға мiндеттi.

  1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.

  1. Мемлекеттiк органдардың объектiге тексеру үшiн келген лауазымды адамдары:

      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi;

      2) қызметтiк куәлiгiн;

      3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;

      5) тексерілуге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағын көрсетуге мiндеттi.

      Тексерудi тағайындау туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн – тексеру жүргiзудің басталғаны деп есептеледi.

  1. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.

      Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргізбеу үшін негiз болып табылмайды.

  1. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте, тексеру жүргiзетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеруді тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн ауыстыру себебi көрсетiле отырып хабардар етiледi.
  2. Тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

      Сол бір мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:

      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;

      3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен.

      4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына және биоотынға арналған ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      5) лицензияның болуы;

      6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      7) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

      8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.

  1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласында ішкі істер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібінің ерекшеліктері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалады.

      Ескерту. 147-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

148-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi

      Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулер кірмейді, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:

      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерудi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемiнiң едәуір болуына байланысты тексеру жүргiзудiң мерзiмiн бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.

      Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.

      Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулерді қоспағанда, тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.

      Тексеру жүргізу шеңберінде шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер мен құжаттарды алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзiмдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.

      Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.

      Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.

      Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

      Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.

      Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

      Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

149-бап. Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi

  1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
  2. Өнiм үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.

      Ірiктеп алынған өнiм үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.

  1. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiм үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.

      Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiмен бiрге сараптама жүргізу (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.

      Өнiмнің үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.

      Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.

  1. Iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiн сақтау және тасымалдау шарттары осы үлгiлердiң сараптамасы (талдау, сынақ) жүргізілетін өлшемдерді өзгертпеуге тиiс.

      Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.

  1. Өнiм үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
  2. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
  3. Тексерiлетiн субъект өзiнде қалған үлгiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттiк берілген ұйымда өз бастамасы бойынша сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.

      Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптама (талдау, сынақ) нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.

150-бап. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi

      Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:

      1) жасалу орны және күнi;

      2) өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;

      3) өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және тұрған жерi;

      5) тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      6) өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;

      7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.

151-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер

      Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру жүргiзу кезiнде:

      1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;

      2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

      3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      5) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;

      6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргiзген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру жүргiзуге;

      7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.

152-бап. Тексерудi ресiмдеу тәртiбi

  1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi бойынша екi данада тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.

      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:

      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;

      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;

      6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

      7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

      8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;

      9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.

      Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi, олар болған кезде қоса берiледi.

  1. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.

  1. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен бірге тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерiлетін субъект тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлетін мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға құқылы.
  3. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлетін әрекеттер туралы жазба жасауға мiндеттi.
  4. Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.

      Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.

  1. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
  2. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.

153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары

      Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шараларды қолдануға мiндеттi.

      Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолданылған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.

154-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

  1. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:

      1) осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;

      2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;

      3) мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.

  1. Бақылау және қадағалау органдарының тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
  2. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

      2) тексерудi осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;

      3) тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру жүргiзу кезеңiнде кедергi келтірмеуге;

      4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;

      5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;

      6) тексерiлетiн субъектiге тексеру жүргiзу кезiнде оның нысанасына қатысты қажеттi ақпарат беруге;

      7) тексеру аяқталған күнi не "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге тапсыруға;

      8) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттардың және мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

155-бап. Тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

  1. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылу кезiндегі тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілеттік берілген өкілдері:

      1) тексеру жүргiзу үшiн келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын объектiге тексеруге жiбермеуге:

      Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі сақталмаған;

      осы Кодексте белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмейтін тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен;

      осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бiр кезеңде сол бiр мәселе бойынша бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру тағайындаған;

      егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

      осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

      егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнің бұзылуы туралы өзге де өтiнiштерде көрсетiлген уақыт аралығы шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

      тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу тапсырылған;

      осы Кодекстің 144-бабының 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын бiрнеше тексерiлетiн субъект көрсетiлген;

      тексеру мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;

      осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда;

      2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;

      3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

      4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;

      5) тексерудi жүзеге асыру процесiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi келтiрместен, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргізген жекелеген әрекеттерiн тiркеуге;

      6) өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруі, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында үшiншi тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

  1. Бақылау және қадағалау органдары тексерулер немесе тексерілетін объектіге бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілетті өкілдері:

      1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде, тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн олардың көшiрмелерiн ұсынуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

      3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi қоюға;

      4) жүргiзiлген тексерудің нәтижелерi туралы актiнiң екiншi данасында ол аяқталған күні алғаны туралы белгi қоюға;

      5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;

      6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объект үшiн белгiленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

      7) хабарлама алған жағдайда, тексеру тағайындалған мерзімде тексерілетін объект тұрған жерде болуға мiндеттi.

156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргiзiлген тексерудiң жарамсыздығы

  1. Егер бақылау және қадағалау органы жүргізген тексеру осы Кодексте белгiленген тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүзеге асырылса, тексеру жарамсыз деп танылады.

      Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тексерiлетiн субъектiлердiң бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.

      Тексерудiң жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе соттың осы тексеру актісінің күшiн жоюына негiз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң жарамсыздығына байланысты актiнiң күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы өтiнiш берiлген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

      Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiн бұзу тексерiлетiн субъектiнiң пайдасына шешiледi.

  1. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылыққа:

      1) тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;

      2) тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;

      3) тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;

      6) тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

      7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

      8) тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;

      9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулер жүргізу мерзімдерін бұзу жатады.

 

БҚО ТЖД ӨҚСПжБҚБ