Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Халықты, шаруашылық объектілерін, стратегиялық маңызы бар объектілерді қорғау үшін және өрт сөндіру қызметінің алдына қойылған тапсырмаларды орындауға облыс аумағында бүгінгі күні 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 24 өрт сөндіру бөлімі және 1 өрт сөндіру бекеті қызмет етеді.

ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ құрамына өрт сөндіру бөлімі, кәсіби даярлау мектебі, ЖҚ қоймасы және басқарма аппараты кіреді. ММ теңгерімінде 30 ғимарат, жалпы санынан 6-ы орталық жылу жүйесімен, 24-і автономды табиғи газбен жағылады.

Іс-шара жоспарына сәйкес 6 бөлімшеде кезеңмен құбырлардың қапталуы, тіркелуі өткізіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және элеватор желісінің техникалық қызметі, элеватор желісіндегі саңылауларды ауыстыру өңделіп, тоқтау клапандары жөнделді, бүгінгі күнге барлық ғимарат жылыту маусымына дайын, дайындығы жөнінде сертификат алынды.

ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ табиғи газ көмегімен жағылатын бөлімшелері қала және аудандық газ қызметі өкілдерімен бірлесіп, шарт негізінде техникалық қызмет көрсету бойынша газ қазандықтарын автоматтандыру , түтін мұржалары мен газ пештерін тексеру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде күрделі жөндеу өткізілуіне байланысты жылыту жүйесі мен газ жабдықтары жаңартылатын Казталов ауданы, Жалпақтал ауылындағы № 15 ӨСБ қоспағанда.

Республикалық бюджеттің үнемдеу есебінен Ақсай қаласы Бөрлі ауданындағы № 8 ӨСБ қуат көзіне күрделі жөндеу жүргізілді. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы № 15 ӨСБ ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ үнемдеу есебінен № 4 ӨСБ, Орал қаласы  (Техникалық қызмет бөлімі), пластикалық терезе блоктарын № 5 ӨСБ және «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ әкімшілік ғимаратында пластиклық терезе блоктарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, терезе блоктары ауыстырылды.

Жылыту маучымына әзірленген іс-шаралар шеңберінде мекеменің ғимаратттарын және автокөліктерді қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.