Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ 2017 жылдың 12 айындағы жедел қызметіне талдау

 

Облыс аумағы тұрғындарын, шаруашылық жүргізу, стратегиялық маңызды объектілерді қорғау және өрт сөндіру қызметіне жүктелген міндеттерді атқару мақсатында күні бүгінде 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 24 өрт сөндіру бөлімі және 1 өрт сөндіру бекеті жұмыс жасауда.

 

Бөлімшелер жарағында 156 бірлік техника бар. Оның 77-сі – негізгі, 14-і – арнайы өрт сөндіру автомобилі және 65 бірлік көмекші техника.

 

2017 жылы облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өрт сөндіруге 624 шығу (бұл 2016 жылға қарағанда 1,4 %-ға өсті), авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге 104 (21,2 %-ға азайды), жану оқиғаларын сөндіруге 1087 (33,2 %-ға артты), жалған шығуларға 20 шығу (2016 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 50 %-ға азайды) жүзеге асырылды.

 

 

Дабыл бойынша бөлімшелердің шығулары

 

 

Дабыл бойынша бөлімшелердің шығуларының жалпы саны 2016 жылмен салыстырғанда 17,4  %-ға артып, 1835 шығуды құрады.

 

Өрт сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен 21 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, 1252 адам эвакуацияланды, авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуде 62 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, 9 адам эвакуацияланды.

 

Өрттің қауіпті факторларынан  әртүрлі деңгейдегі жарақатты 27 адам (оның ішінде 3 бала), 13 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты.

 

Қалалық мекендердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің орташа жету уақыты 8,4 минут турасында. 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шығудың 10 минуттан жоғары жетудің орташа уақыты 25,8 %-ға азайды.

 

 

Шақырту орнына жетудегі өрт саны

 

 

Ауылдық жердегі өрттер мен жануларға әрекет етудің орташа уақыты 26,7 минутты (нормативті уақыт 20 мин.) құрады.

 

Өткен жылы елді мекендерде әкімдіктер құраған ерікті өрт сөндіру құралымдары өздігінен 20 өртті жойды.

 

2017 жылдың 12 айында облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері бір қарауыл күшімен 562 өртті сөндірді, бұл өрттің жалпы санынан 87,3 %-ын құрайды. Бұл ретте өрттің 74,1 %-ы өрт сөндіру автоцистернасының бір оқпанынан сөндірілсе, 3,6 %-ы бірнеше автоцистернаның сыйымдылығынан, 5,3 %-ы су көзіне өрт сөндіру автоцистернасына орнатумен, 4,5 %-ы қолда бар құралдармен (оқпан берусіз) сөндірілді.

 

Облыс орталығында  бір қарауыл күшімен 88,9 %, Ақсай қаласында 6,2 %, аудандық бөлімшелерде 6,2 % өрт сөндірілді.

 

 

Бір қарауыл күшімен сөндірілген өрттер

 

 

 

Өрттің жалпы санынан 6,5 % өртті жоюға ауа-көбікті оқпандар, бұл ретте  «ПУРГА» біріктірілген сөндіру құрылғысы 27 рет, орташа еселік көбік генераторлары (ГПС-600) 19 рет, және өзге көбікті оқпандар (СВП) 11 рет қолданылды. Көбіктүзгіш шығыны 2 523 литрді құрады.

 

 

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі