Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған табиғи өрттермен табиғи жаулар туралы ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бөліністерінің 2017 жылғы 6 айына жауынгерлік жұмысының талдауы

 

 

Қызметтің бөліністері 2017 жылдың 6 айында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы 281 өртті жойды. Өрттегі материалдық шығын 9 617 000 теңгені құрады, 8 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. 2016 жылдың 6 айында Батыс Қазақстан облысы аумағында 208 өрт тіркелді. Өрттегі материалдық шығын 6 313 000 теңгені құрады, 6 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.  Өрттердің негізігі көлемі (жалпы сөндірілген өрт көлемінен 54,4%) тұрғын үй секторларында болды.

 

2017 жылдың 6 айында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөліністері дабыл бойынша 814 рет шығуға шықты, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (-28,5%) азайды, оның ішінде:

 

- өрттерге – 281 (35,1%);

- авариялық-құтқару жұмыстарына – 57 (-42,4%);

- жануға - 463 (82,3%).

 

Сонымен қатар, жалған шығу саны 8 жағдайға, авариялық-құтқару жұмыстарының шығу саны 42 жағдайға азайды.

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөліністері өрт сөндіруге 281 рет шықты, оның ішінде:

- адамдар жаппай болатын объектілер – 5 рет;

- тұрғын үй секторы – 153 рет;

- орман өрті – 1 рет;

- өзге объектілер – 122 рет.

 

2016 жылдың 6 айындағы ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй секторындағы өрт сөндірудегі шығу саны 18,6%-ғаартты.

 

Сонымен қатар келесі өрт сөндіру шығуларының санының артуы тіркелді:

- өзге объектілердегі өрт сөндіру  350%;

- орман өртін сөндіру 100%.

 

2017 жылдың 6 айында Батыс Қазақстан облысы аумағында жаңа салынған құрылыстарда өрт тіркелмеді. 2016 жылдың 6 айындағы ұқсас кезеңінде жаңа салынған құрылыстарда 2 өрт тіркелді.

 

2017 жылдың есептік кезеңінде өрт және АҚЖ орнына жету уақыты:

 

5 минутқа дейін өрттер және АҚЖ жалпы санының 19,8% құрады.

5 минуттан 10 минутқа дейінгі жалпы санның 53,3% құрады;

10 минутта астам жалпы санның 26,9% құрады

 

2016 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда бірінші бөліністің өрт орнына жету уақыты орта уақыт 17,5% азайды.

 

Есепті кезеңде өрт сөндіру көрсеткіші өзгерді (өртке жету уақытынан оны сөндіру уақытына дейінгі), атап айтсақ:

- 15 минутқа дейін  30,8%  (2016 ж.) қайшысынша 14,7% (2017г.);

- 15 минуттан  30 минутқа дейн  17,3% (2016 ж.) қайшысынша 24,8% (2017ж.);

- 30 минуттан  1 сағатқа дейін  13,5% (2016ж.) қайшысынша 40,2% (2017ж.);

-  1 сағаттан 2 сағатқа дейін  17,8% (2016ж.) қайшысынша 5,6% (2017ж.);

-  2 сағаттан жоғары 20,7% (2016ж.) қайшысынша 14,7% (2017ж.).

 

2016 жылдың ұқсас мерзімі бойынша салыстырсақ өртті жоюдың орташа уақыты 12,5% азайды.

 

2017 жылдың есеп беру мерзімімен салыстырғанда өртті сөндірудің көрсеткіші өзгерді (АҚЖ жету уақытымен, оның соңына дейін), атап айтсақ: 2017 жылдың 6 айында 257 өрт (БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөліністерімен сөндірілген өрт санының жалпы санынан 91,5%) бір қарауылдың күшімен жойылған (2016 жылы – 193 өрт, 92,8% - бір қарауылдың күшімен жойылған). Оның ішінде, автоцистерна сыйымдылығынан бірінші оқпанмен 193 - 122 қарсы (58,6% -2016г.);су көзіне АЦ орнатумен 29 (10,3%-2017ж.) 13 қарсы (6,3%-2016ж.), бірнеше автоцистернаның сыйымдылығынан 17 (6%-2017ж.) 32 қарсы (15,4%-2016ж.), оқпандарды берусіз 15 (5,3%-2017ж.) 26 қарсы  (12,5%-2016 ж.).

 

2017 жылдың 6 айында қосымша күштер мен құралдарды жұмылдырумен 15 (7,2%) қарсы 24 өрт (8,6%) сөндірілді.

 

2017 жылдың есептік кезеңінде ауа-көбікті оқпандар 6 рет қолданылды, бұл сөндірілген өрт санының 2,1%-ын құрайды, сонымен қатар ағымдағы жылы өртті сөндіруге «Пурга» УКТП – 9рет -3,2%, ГПС-600 – 12 рет, бұл жалпы сөнідірілген өрттің 4,2%-ын құрайды, бұл ретте көбіктүзгіштің 930 литрі жұмсалды.

 

2016 жылдың ұқсас мерзімі бойынша ауа-көбікті оқпандар 12 рет (5,8%), «Пурга» УКТП  - 6 рет (2,9%), ГПС-600 – рет (2,4%) қолданылды. Көбіктүзгіштің 1361 литрі жұмсалды.