Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

2013 жылғы «26» қыркүйектегі № 212

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

 

2016 жылғы «20» сәуірдегі №130

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен өзгеріс енгізілді

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және 

жою жөніндегі облыстық комиссия туралы

ереже

 

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін үйлестіру мақсатында құрылды.
  2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
  3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесін жетілдірудің және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғаныс және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын құру және дамыту;

4) авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін үйлестіру.

  1. Комиссияның негізгі функциялары:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру;

2) ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді белгілеу және орындау;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру, олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру;

5) тиісті өндірістер аумағындағы (объектілер мен дүлей зілзалалардың туындау мүмкіндігі, олардың  туындау салдарынан экстремальды оқиғалар мен есепті залал қауіп-қатерін бағалау) болуы ықтимал қауіпті Батыс Қазақстан облысы аудандарын айқындау;

6) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;

7) төтенше жағдайларда  және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдер қолбасшылығымен, ішкі әскер (полктармен) бригадалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

8) Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық жүйеге кіретін күштер мен құралдарды тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.

  1. Комиссия:

 1) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және бірлестіктердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Комиссия отырыстарында кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;

3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар және бірлестіктерден сұрауға;

4) облыстың кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыруға;

5) ведомстволық бағынысты әкімшілік аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар жұмысын үйлестіруге;

6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізуге құқылы.

  1. Комиссия органдары:

Облыс әкімі Комиссия төрағасы болып табылады.

Төраға:

  • Комиссия қызметіне басшылық етеді;
  • Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
  • Комиссия мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі және бекітеді;
  • Комиссия жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;
  • Комиссия жұмысының жоспарын бекітеді;
  • Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Комиссия қызметінің нәтижесіне жауапты болады.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою  мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасарлары болып табылады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасарлары атқарады.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері хатшы болып табылады.

Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамалармен ресімделеді.

Комиссия хатшысы Комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

  • Комиссия жұмысының жоспарын жасайды;
  • Комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
  • Комиссия отырыстарының өтетін күні, уақыты және орны туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды;
  • отырыс хаттамасын ресімдейді;
  • Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
  • Комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

Хатшы өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекемелер орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етуге құқылы.

  1. Комиссия құрамын Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысы бойынша Комиссия төрағасы айқындайды.

         Комиссия құрамы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

  1. Жұмысты ұйымдастыру тәртібі:

1) Комиссия өз жұмысын Комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленген, төраға бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады;

2) Комиссияның қарауына материалдарды дайындау жұмыс жоспарында бірінші көрсетілген ұйым жүзеге асырады. Іс-шараларды қоса орындаушылар  жауапты орындаушыға жиынтық анықтама жасақтау үшін қажетті материалдарды ұсынады;

3) анықтама, өзге де материалдар және шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өткізілетін күннен 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсырылады;

4) Комиссия мүшелері материалдарды дайындау және Комиссия хаттамаларын орындау шеңберінде осы органдар құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, материалдар және өзге талдау құжаттарын ұсыну туралы мүдделі органдарға сұратулар жібере алады;

5) хатшы отырыста қарауға жататын материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және Комиссия төрағасына баяндайды. Комиссия төрағасы дұрыс дайындалмаған материалдарды толық пысықтауға қайтарады;

6) құжатты мәселені дайындаған  жауапты қызметкер толық пысықтайды және үш күн ішінде хатшыға ұсынады;

7) Комиссия жұмысына шақырылатын қатысушылар күн тәртібі мәселесі бойынша шешімді талқылауға және әзірлеуге қатыса алады, бірлескен талқылауды және шешімді қабылдауды қажет ететін ұсыныстарды, құжаттар жобаларын және өзге материалдарды келіскен тәртіппен енгізеді;

8) Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті жүзеге асырады.

  1. Комиссия жұмысының нәтижелері:

1) Комиссияның талқыланған және қабылданған шешімінің нәтижелері отырыс хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді, отырыс өткізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындалады;

2) қол қойылған хаттаманы хатшы Комиссия мүшелеріне және мүдделі органдарға жібереді;

3) Комиссия хаттамасының орындалуы туралы ақпарат жазбаша түрде хатшыға жіберіледі, ол түскен материалдардың талдамалық нәтижелері бойынша төрағаға баяндайды;

4) хаттаманың орындалуы бойынша бақылауды хатшы жүзеге асырады.