Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының

2017 жылдың жұмыс қортындысы бойынша

АҚПАРАТ

 

 

2017 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында шығын көлемі 80 млн. теңгеден астам құрайтын 663 өрт оқиғасы тіркелді (2016 ж.- 635 оқиға). Орын алған өрттерден 18 адам  жарақат алды (2016 жылмен салыстырғанда 5 оқиғаға төмендеген) және 13 адам қаза болды. Өрттерде балалардың қаза табу оқиғасы тіркелмеді.

 

Өрттердің, адамдардың жарақат алу оқиғасының көбі тұрғын үйде орын алған өрттерден болып табылады. Ағымдағы жылы тұрғын үйлерде 452 өрт оқиғасы орын алды. (2016 ж. 454 өрт орын алып). Орын алған өрттердің негізгі себептері елді-мекендерде отқа немқұрайлы қарау (343 оқиға) және электржабдықтардың техникалық пайдалану және құрастыру ережелерін сақтамау (112 оқиға).

 

Департамент қызметкерлері өрттерді болдырмау мақсатында 1584 шаруашылық жүргізу объектісінің және мемлекеттік мекеменің өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізді (2016 ж.-1475) өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда  7,38 %-ға өсті, оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша - 920 (2016ж. – 925) 0,5 %-ға кеміді, жоспардан тыс - 664 (2016 ж. – 550) 20,7 %-ға өсті.

 

Меншік нысанының барлық объектілеріне тексеріс жүргізу барысында  7356 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы анықталды (2016 ж.- 5548), 32,5 %-ға өсті өсті.

 

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке  861 тұлға тартылды (2016 ж. – 949)- 9,2 %-ға кеміді, жалпы соммасы 37 млн. 995 мың 540 теңге (2016 ж – 34 млн.679 мың 410 теңге) 9,6 %-ға өсті. Соның ішінде, ҚР ӘҚБК 410 бабы бойынша жалпы соммасы 28 млн. 668 мың 815 теңге құрайтын 810 тұлға, ҚР ӘҚБК 462 бабы бойынша жалпы соммасы 9 млн. 326 мың 725 теңге құрайтын 51 тұлға тартылды.

 

 36 млн. 97 мың 521 теңге сомасын құрайтын айыппұл өндіріліп, жалпы салынған соммасынан 95 % құрайды.

 

Әкімшілік жауапкершілікке өрттің себебін болдыруда кінәлі 71 тұлға тартылды (2016 ж - 88), 19,3%-ға кеміді, олардың ішінен 50 жеке тұлғаға ескерту жасалды (2016 ж. - 47) 6,3%-ға өсті. 21 ақшалай айыппұлдар салынды (2016 ж - 41) 48,7%-ға кеміді, 431 мың 110 теңгеге (2016 ж. –752 мың 955 теңге) 42,7%-ға кеміді.

 

Өрттердің алдын алу және адамдар өліміне жол бермеу мақсатында 2017 жылы тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі бойынша 2 айлық өткізілді. Өткізілген айлық барысында 159 мыңнан астам тұрғынның қамтылуымен 80332   тұрғын үйлерге, саяжай алқаптарына шолу жүргізілді.  Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі ережелерімен талаптарын сақтауды түсіндіру мақсатында  тұрмысы нашар отбасылардың, белгілі тұрағы жоқ адамдардың болатын орындарына барлығы 552 рейд жүргізілді, сонымен қатар 17 мыңнан адамның қамтылуымен 377 жиын өткізілді.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 776 сөйлеулер ұйымдастырылды. Оның ішінде:  теледидарда – 175, радио арқылы –251, басылымдарда – 350. Өртке қарсы тақырыптарда 8 мыңнан аса адамды қатыстыра отырып 1636 дәрістер мен әңгімелесулер ұйымдастырылып өткізілді.

 

Облыстың білім беру орталығы базасында Орал қаласының және аудан мектептерінің оқушыларын қатыстыра отырып өрт орын алған кездегі балалардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі тақырыбында 17 интерактивтік сабақ өткізілді.

 

Мекемелерде 134 өрт қауіпсіздігі бұрышы  орнатылды. Өрт сөндіру бөлімдерінде 838 оқушының қамтылуымен 52 экскурсия ұйымдастырылды.

 

Орал қаласының «Комуналды қызмет есебінің орталығы» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе жалғыз басты тұрғындарға қайырымдылық ақциясы шеңберінде үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету ұйымдастырылды.

 

«Батыс Су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қуатресурысы» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ филиалымен және «Орал-КҚЕО» ЖШС-мен комуналды қызмет төлемдерінің артқы бетіне өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында ақпарттарды тарату бойынша мәселелер қарастырылды.

 

«УралТехСервис» ЖШС демеуімен қалалық маршруттың  3 автобусы өртке қарсы тақырыбындағы әлеуметтік жарнамамен жабдықталды. Әрбір қалалық жолаушылар және жол жиегіндегі жүргінші тұрғындар жүру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысуына мүмкіндік беретін маршруттардың жүру жолы қаланың 2 даңғылымен өтеді.

 

Сонымен қатар, коғамдық көліктерінде халыққа ұсынылатын 140 мың жол билеттерінің артына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ақпарат жариялау бойынша жұмыстар атқарылды.

 

Облыстың Орал қаласымен аудандарындағы әкімшілк ғимараттарда орналасқан LED-экрандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ақпараттардың таратылуы ұйымдасатырылды.

 

«Азов» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Орал Жан-Ойл» ЖШС, «Орал-Терминал» ЖШС жанар-жағармай құю станциялары, сонымен қатар «Сити центр» сауда үйі, «Сулпак» сауда үйі, «Клондайк» сауда үйілері арқылы  өрт қауіпсіздігі тақырптарында 7 мыңнан астам жадынама таратылды.

 

Ауданның ТЖБ ауылдардағы мәдениет үйлеріндегі және кинотеатрлардағы экрандардан  өртке қарсы тақырыптардағы бинероликтердің трансляциялануын ұйымдастыруда.

 

 

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                       Е. Турегелдиев