Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 14 желтоқсан 2017 жылғы «2017 жылдың І жарты жылдығында  азаматтық қорғаныс саласындағы кездейсоқ тексерулер тізбесін бекіту туралы» № 1163 және  13 маусым 2017 жылғы  «2017 жылдың ІІ жарты жылдығында  азаматтық қорғаныс саласындағы кездейсоқ тексерулер тізбесін бекіту туралы» №414 бұйрықтарына сәйкес ағымдағы жылы 44 бақылау субъектісін тексеру жоспарланды, соның ішінде: І жартыжылдықта 31 ұйым, оның  25 мемлекеттік мекемелер, 3 мемлекеттік кәсіпорындар, 3 жеке кәсіпкерлік; ал ІІ-ші жартыжылдықта 12 ұйым, оның  1 мемлекеттік кәсіпорын және 11 жеке кәсіпкерлер.

 

Өткен кезеңде 35 бақылау субъектілеріне Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру бойынша таңдаулы тексерулер жүргізілді, оның ішінде 25 мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар және 10 жеке кәсіпкерлік субъектілері.

 

4 субъектінің таңдаулы тексеруі болған жоқ, себебі 1 мекеме қайта ұйымдастырылуда  және 3 жағдай ұйымның заңды атауының өзгеруі.

 

Тексерулердің қорытындысы бойынша «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және азаматтық қорғаныс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылғандығы, нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 13 лауазымды тұлға және 4 заңды тұлға тартылғаны  анықталды. Аталған  адамдарға қатысты әкімшілік материалдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне жіберілді. Комитет әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, 11 лауазымды тұлғаға және 4 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.

 

қарастырылған материалдар бойынша 1701750 теңге (750 АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 1 млн 134 мың 500 теңге (500 АЕК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 894-бабына сәйкес 113.450 теңге  (50 АЕК) мөлшерінде 1 айыппұл өндірілді,  жұмыс берушіге оның жалақысынан немесе басқа табысынан мәжбүрлеп алынатыны туралы хат жіберілді.

БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімілің бастығы полковник М. Хайрекенов