Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Азаматтық қорғаныс бағытында өткізілген тексерістің 2018 жылғы 1-

тоқсаны бойынша ақпарат

 

 

БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімімен ҚР ІІМ 12.12.2017 ж. № 829 «2018 жылғы 1-жарты жылдығына арналған АҚ саласындағы іріктелген тексеріс тізімін бекіту» бұйрығына сәйкес 36 бақылау субъектілері, соның ішінде 8 мемлекеттік мекеме, 13 мемлекеттік кәсіпорын және 15 жеке кәсіпкерлер субъектілеріне тексеріс жоспарланған.

 

2018 жылғы 31 наурыз жағдайы бойынша 4 бақылау субъектісінде, соның ішінде 2 мемлекеттік кәсіпорын және 2 жеке кәсіпорын субъектілері азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша іріктелген тематикалық тексерістер жүргізілген.

 

Өткізілген тексеріс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңының  2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 «Азаматтық қорғаныс» және азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық акт заңнамасының талаптары сақталмағандықтан бұзушылықтар анықталған, 2 заңды тұлға және 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Тексерілген материалдар бойынша 300 625 теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынған, соның ішінде 180 375 теңге қалпына келтірілді.

 

 

Анықтама:

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 364-бабына сәйкес  2014 жылғы 5 маусымның № 235-V (әрі қарай – ҚР ӘҚК) – Қарсы құқықтық іс-әрекеттері (іс-әрекет етпеуі), азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамағандығы үшін -  елу айлық есептік көрсеткіші бойынша айыппұл салынады (2018 жылға 1 АЕК 2405 теңге құрайды).

 

ҚР ӘҚК 810 және 811-бабтарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған  жауапты тұлғаларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы өндірістік ісі бойынша қысқартулар қолданылған.