Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «2018 жылдың 1-жартыжылдығына арналған АҚ саласындағы ішінара тексеру тізбесін бекіту туралы» №829 бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау саласында 36 бақылау субъектілерін (мемлекеттік мекемелер - 8, мемлекеттік кәсіпорындар - 13, жеке меншік кәсіпорындар – 15) тексеру жоспарланды, оның 25 бақылау субъектісі тексеріліп (мемлекеттік мекемелер - 7, мемлекеттік кәсіпорындар - 8, жеке кәсіпорындар - 10), оның 14 бақылау субъектісінде бұзылулар анықталып (мемлекеттік кәсіпорындар - 7, жеке меншік кәсіпорындар - 7), жалпы соммасы 962 мың теңге (400 АЕК) 13 заңды және 1 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы 156-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделді, бақылау субъектісіне бару және бармау арқылы жүзеге асырылатын профилактикалық бақылау түріндегі бақылау нысаны қағидасының өзгеруіне қарай азаматтық қорғаныс саласындағы 11 бақылау субъектісін (1-ММ, МКК-5, ЖК-5) тексеру мүмкін болмады.