Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 14 желтоқсан 2017 жылғы «2017 жылдың І жарты жылдығында  азаматтық қорғаныс саласындағы кездейсоқ тексерулер тізбесін бекіту туралы» № 1163 және  13 маусым 2017 жылғы  «2017 жылдың ІІ жарты жылдығында  азаматтық қорғаныс саласындағы кездейсоқ тексерулер тізбесін бекіту туралы» №414 бұйрықтарына сәйкес ағымдағы жылы 43 бақылау субъектісін тексеру жоспарланды, соның ішінде: І жартыжылдықта 31 ұйым, оның  25 мемлекеттік мекемелер, 3 мемлекеттік кәсіпорындар, 3 жеке кәсіпкерлік; ал ІІ-ші жартыжылдықта 12 ұйым, оның  1 мемлекеттік кәсіпорын және 11 жеке кәсіпкерлер.

 

2017 жылда 39 бақылау субъектілеріне Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру бойынша таңдаулы тексерулер жүргізілді, оның ішінде 26 мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар және 13 жеке кәсіпкерлік субъектілер.

 

Тексерулердің қорытындысы бойынша 11.01.2014 ж. Қазақстан Республикасының №188 «Азаматтық қорғау туралы» Заңын және азаматтық қорғаныс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылғандығы, нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 11 лауазымды тұлға және 7 заңды тұлға тартылғаны  анықталды.

 

Қарастырылған  әкімшілік материалдар бойынша 2 млн. 042 мың 100 теңге (900 АЕК) жалпы сомаға мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімілің бастығы полковник М. Хайрекенов