Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

АҚ бөлімі 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 887 "Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2019 жылғы II жартыжылдыққа арналған тізімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес 12 бақылау субъектісін тексеруді жоспарлады, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме және 11 жеке кәсіпкерлік субъектісі.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша 11 бақылау субъектісінде (анықталған бұзушылықтардың жалпы саны - 74, 41-өрескел және 33-елеулі) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 "Азаматтық қорғау туралы" Заңының және азаматтық қорғаныс саласындағы заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды және кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, ал 1 бақылау субъектісінде бұзушылық аңықатлған жоқ. Бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген нұсқамалар бойынша орындалуын бақылау мәні бойынша 4 бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.

Анықтамалық:

1) "КазАрмапром" ЖШС»;

2) "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ»;

3) "Топан" ЖШС»;

4) " Орал мұнай-химия компаниясы "ЖШС»;

5) "Орал трансформатор зауыты" ЖШС»;

6) "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ»;

7) "Батыс Қазақстан Құрылыс материалдары корпорациясы" АҚ»;

8) "Гидромаш-Орион-МЖБК" ЖШС»;

9) "Тасқала-дән" ЖШС»;

10) "Белес-Агро" ЖШС»;

11) "Алау" ЖШС»;

12) "Тасқала ауданы әкімінің аппараты"ММ.

Жоспардан тыс тексерулер (бұрын берілген ұйғарымдар бойынша):

1) "КазАрмапром" ЖШС»;

2) " Орал мұнай-химия компаниясы "ЖШС»;

3) "Тасқала-дән" ЖШС»;

4)"Социум" Технопаркі " ЖШС.

"КазАрмапром" ЖШС және "Орал мұнайхимия компаниясы" ЖШС-да бұрын берілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуы бойынша жоспардан тыс тексерістер бойынша бұзушылықтар жойылмаған, осыған байланысты ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар қозғалып, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді. КазАрмапром" ЖШС және "Орал мұнайхимия компаниясы" ЖШС-ға қатысты әкімшілік материалдардың қарау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған объектілердің қызметін тоқтатпай жалпы сомасы 1 млн. 515 мың теңге (600 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарылды ("КазАрмапром" ЖШС (ірі бизнес) айыппұлы 1 млн. 262 мың 500 теңгені (500 АЕК), "Орал мұнайхимия компаниясы" ЖШС (шағын бизнес) айыппұлы 252 мың 500 теңгені (100 АЕК) құрады).