Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Батыс Қазақстан облысы аумағында  жоғары тәуекел дәрежесіне жататын57сауда объектісіорналасқан.

Соның жалпы санынан56 объекті тексерілді.

Тексерілмегені – 1, (ЖК"Брманова Е.К.""Жайык" базары"). «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №111 «Сауда базарлары қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкесашық базардыстационарлық сауда объектісіне модернизациялау жүргізілуіне байланысты базардың сауда алаңы1291 м2 дейін қысқартылды. Қазіргі таңда стационарлықсауда кешенін салуға сметалық-жоба құжаттамасыдайындалуда.

Жүргізілген тексерістер нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздік талаптарының 1284бұзушылықтары анықталды. Анықталған бұзушылықтарға жол бергені үшін 50 тұлға, оның ішінде жалпы соммасы1 млн. 367 мың 455 теңгені құрайтын 44 тұлғаайыппұл түріндегі, 6 тұлға ескерту түріндегіәкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылы 27 желтоқсандағыұсынылған ұйғарымдаманың орындалуын бақылау бойынша «ПСП Серик» ЖШС-тың«Сити Центр» ОСО-сытексерілді. Тексеріс барысында бұрын анықталған 97 бұзушылықтың 36-сы қалпына келтірілмегендігі анықталды. Жоғарыдакөрсетілген объектіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,Орал қаласының әкімшілік сотына жолданды. Соттың шешімімен заңды тұлға соммасы481 мың теңге құрайтын айыппұл түріндегіәкімшілік жауапқа тартылып,«Сити Центр» ОСО-ның қызметі30 күнге тоқтатылды. Сот БҚО МСҚБ басқармасына тиістішаралар қабылдауғажеке қаулы шығарды.

Сыбайлас жемқорлық қатерін азайту, процестің ашықтығын қамтамасыз ету және халықта азаматтық қорғау органдарының объективтілігін қалыптастыру мақсатында тексерістер басталмас бұрын БҚО Мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Департаментінің, БҚО ҰҚКД, «Нұр Отан» БҚО филиалының, БҚО «Атамекен» ҰКП, БҚО Кәсіпкерлік басқармасы, Құрылыс басқармасы, МСҚБ басшыларына тексерістерге өз өкілдерін қатыстыруы үшін хат жолданған болатын. Барлық тексерістерде олардыңөкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» өкілдері, адамдар көп жиналатын объектілер иелері және бұқаралық ақпараттық құралдарыөкілдерінің қатысуымен 4 онлайн-конференция, қоғамдық топтармен (блогерлермен) 5 брифинг өткізілді.

Тексеріс барысында міндетті түрде объектінің қызметкеріне, күзет құрылымдарына және объектіге келушілерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулар, сондай-ақ, өрт жағдайындағы іс-әрекетке дайындау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары (жүргізілген жұмысты тиімді ету үшін нұсқаулар мен жаттығулар объектіге адам көп келетін уақытта жүргізілді) жүргізілді.

Сондай-ақ, субъектілерге бұзушылықтарды тез арада жою бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

«ӨҚ және АҚЖ» ММ екі жедел жоспарына және сөндіру карточкаларына, сондай-ақ, өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне түзету жүргізді. 29 өрт-тактикалық сабағынөткізді.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау және түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 68 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның 21-і телеарнада, 40-ы радиода және 7-і басылымда жарық көрді.

Халық арасында адамдар көп жиналатын объектілерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша кең көлемді оқыту жұмысы жүргізілді, оларда балаларды оқытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі СОО-ларда БҚО ТЖД қызметкерлері блогерлер, бастамашы топтар, БАҚ, «Атамекен» ҰКП қатысқан азаматтармен кездесулер өткізді.

Халық, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, барлық мүдделі тұлғалар БАҚ, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сайты арқылы ақпаратандырылды.

Тескеріс нәтижелері интернет-ресурстарында (Вконтакте, Фейсбук, Инстаграмм), сондай-ақ, жергілікті және облыстық мәндегі теледидарлық арналарда орналастырылды.