Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

02.05.2018

 

Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Дала жануларын болдырмау және өрттерді сөндіру» тақырыбындағы тактикалық оқу-жаттығуын ұйымдастырды. Аталған оқу-жаттығудың ерекшелігі оның екі ауылдық округ Казталов ауданының Талдапан ауылының және Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округінің ерікті өрт құрылымдарының қатысуымен өтуі еді. Оқу-жаттығуға екі көршілес ауданның аудандық ТЖ бөлімдерінің басшылығы, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен ерікті өрт құрылымдары қатысты.

Оқу-жаттығу барысында 20 аспалы өрт сөндіргіш құрал, 20 ЕӨҚ-тың 20 адамы, 4 бірлік су-тасығыш тіркемесі бар МТЗ-82 тракторы және 2 бірлік УАЗ автомашинасы жұмылдырылды. Олар 2 тонна сумен және моторлық сорғылармен жабдықталған.

Оқу-жаттығу кезінде ерікті өртке қарсы құрылымындарының мүшелеріне практикалық көмек көрсетіліп, қосымша кіріспе тапсырмалар қойылды.

Оқу-жаттығу нәтижесінде екі ауылдық округтің де ЕӨҚ-сы дала жанулар мен өрттерді сөндіруге дайын деп танылды.

Құрметті облыс тұрғындары Сіздерге БҚО ТЖД далада тыйым салынғандарды еске салады:

  •  сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын лақтыруға және шылым түтігіндегі жанған шоқты сілкуге;
  •  аңға шыққанда тезбалқитын немесе бықситын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдалануға;
  •  өзіңізден кейін шөлмектер немесе әйнек қалдықтарын қалдырып кетуге;
  •  даладағы шөпті, сондай-ақ орынды жандырып жіберуге;
  •  алау жағуға.

Өрт әрбір адам үшін бәле. Бұл мәселенің маңыздылығын түсіне отырып БҚО ТЖД дала өрттерінің алдын алуға және оларды сөндіруді ұйымдастыруға бағытталған барлық профилактикалық шараларды алдын ала қолданады. 

Себебі қауіптің алдын алу онымен күрескеннен әлдеқайда жеңіл! 

 

БҚО ТЖД  Жаңақала ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.С.Мамаев