Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

29.05.2018

 

29 мамыр күні «Алем Плаза» сауда орталығында Орал қаласының өрт бөлімшелерінің кезекшілік аусымы мен күзетінің жеке құрамымен кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жүргізілді.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сағат 10.16-да БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына «Алем Плаза» сауда орталығының төртінші қабаттың ауданы 30 кв. м. «Nexxio» пиццериясында өрт туындағаны туралы хабарлама түсті. Сондай-ақ, ғимаратта шығып үлгермеген зардап шегушілер де бар. Оқиға орнына кідірместен өрттің 3-рангісі бойынша бөлімшесі жіберілді. Ғимаратқа жеткен бойда өрт сөндірушілер бір минутты да жоғалтпастан адамдарды эвакуациялауға және құтқаруға, содан кейін өртті сөндіруге кірісті.

Оқу-жаттығу аяқталар уақытта зардап шеккендер құтқарылды, өрт сөндірілді, жұмыс мақсатына жетіп барлығы жоғары деңгейде орындалды. Шартты өрт сағат 10.57-де түгел жойылды. Оқу-жаттығуға барлығы 14 техника мен жеке құрамнан 68 адам жұмылдырылды.

ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің басшысы Назарәлі Селимов айтып өткендей, оқу-жаттығудың негізгі міндеті – өрт күзеті бөлімшелерінің қаланың объект персоналы және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылдарының нәтижелілігін шыңдау.

- Мұндай оқу-жаттығулары бізде ай сайын өткізіледі. Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша алдағы екі айда сауда және білім объектілерінде 108 өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бүгінгі «Алем Плаза» сауда орталығындағы оқу-жаттығуында 300 адам эвакуацияланып, 12 адам құтқарылды, - деді Н.Селимов.

«Алем Плаза» сауда орталығының қауіпсіздік қызметі бастығының айтуынша ғимараттың жалпы ауданы 14 500 шаршы метрді құрайды.

23 мамыр күні «Атриум» СҮ-де осындай оқу-жаттығуы өткізілгенін айтып өткен жөн, оған 15 техника жеке құрамнан 55 адам жұмылыдырылды. Осы оқу-жаттығуларда сценарий бойынша сағат 16.40-та «Атриум» сауда үйінің бірінші қабатындағы «Grazie» зат бутигінде өрт орын алғаны және ғимараттан шығып үлгермеген адамдар бар екені жөніндегі шартты дабыл келіп түскен.

Өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және меджұмысшылардың жедел іс-қимылы барысында зардап шегушілер құтқарылды оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқу-жаттығу барлық мақсатына жетті. Осы оқу-жаттығуында 137 адам эвакуацияланып, 23 адам құтқарылды.

 

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы