Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 4 шілде күні «Орал» темір жол станциясы қызметтерімен жедел әрекет ету жасағы бөлімшелерінің қауіпті жүгі бар жылжымалы құрамда авариялық жағдайларды жою бойынша бірлескен іс-қимылдары» тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – «Орал» темір жол стансасындағы ТЖ салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу кезінде жасақтың құрамалары командирлерінің, «Орал» темір жол станциясының қызмет басшыларының практикалық дағдыларын жетілдіру; авариялық-құтқару кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде «Орал» темір жол станциясының құрама жасағы мен қызметтерінің жан-жақты өзара іс-қимыл жасау мәселелерін пысықтау, сондай-ақ құрамалардың жеке құрамының зардап шеккен вагондардан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, т/ж цистерналарының жануын сөндіру бойынша іс-қимылдарын жаттықтыру болып табылады.

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша 2019 жылдың 4 шілде күні сағат 09:30-да Департаменттің дағдарыс жағдайындағы басқарманың жедел кезекшісіне «Орал» темір жол станциясының диспетчерінен жүк пойызы Орал станцисының 4 жолына кіре берісінде «шикі мұнай» жүкпен темір жол цистернасы түсіп кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті. Цистерна темір жол платформасына аударылып, соқтығысу нәтижесінде мұнай өнімдерінің ағуы бар цистернаның герметизациясы орын алды, төгілу ауданы 50 шаршы метр құрайды. 2 зардап шеккен бар.

Аталған оқу-жаттығуға БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» және «ЖҚЖ» ММ жеке құрамы мен техникасы, «ҚР ІІМ ТЖК ЦӘК» ММ бригадасы, жедел медициналық жәрдем бригадасы, өрт сөндіру поезының командасы, авариялық-қалпына келтіру поезының командасы, Орал бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидбригадасы, «Орал» темір жол станциясының желілік полиция бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ Орал бөлімшесінің құралымдары қатысты. Оқу-жаттығуда жеке құрамнан 117 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу соңында төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайын ретінде «Орал» темір жол станциясының қызметтерімен шұғыл әрекет ету жасағы бөлімшелерінің іс-қимылдарына баға берілді.

 

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері

аға лейтенант Р. Тумангалеев