Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

2019 жылғы 31 шілдеде № «2029» Әскери бөлімінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, ол – адамдар көп жиналатын нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.

Оқу-жаттығудың дайындығы бойынша Әскери бөлімінің екінші қабатында қысқа тұйықталу нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын заңгердің бөлмесінде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық адам шығарылды.

 Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданы нысаны орналасқан бірінші бөлімше келіп, зардап шеккендерді құтқаруға кірісті.     № 6 ӨСБ және № 5 ӨСБ ГТҚҚ буындары 8 зардап шегушіні өрттен шығарды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 6 негізгі, 2 арнайы техника бірлігі, 1 ЖП(жол полиция) экипажы, 1 АМО (аппатар медицина орталығы) және 2 ЖМК (жедел медициналық көмек)  бригадасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында нысан күзеті мен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу көзделген міндеттеріне және мақсатына жетті.

А. Муканова

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру

және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және

ақпарат тобы