Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.09.2019

Әрбір объектінің өз архитектуралық және құрылыстық ерекшеліктері бар. Сондықтан, өрт пен тактикалық жаттығуларды жүргізу кезінде, әсіресе адамдардың жаппай тұрып жатқан объектілерінде, өрт сөндірушілер ғимараттың әр бұрышын, негізгі және төтенше шығу орындарының орналасуын, объект аумағында өрт гидранттарын орналастыруды және тағы басқаларды алдын ала және мұқият тексеруі қажет.

2019 жылғы 13 тамызда "Орал терминал" ЖШС объектісінде жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Өрт тактикасы өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ, объектінің әкімшілігімен және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Оқу-жаттығудың сценариі бойынша "Орал-Терминал" ЖШС мұнай базасында көлемі 5 тонна болатын резервуардағы бу-ауа қоспасының тұтануы нәтижесінде резервуардың шатырынан мұнай өнімдері төгілді.

Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына объект орналасқан шығу ауданындағы бірінші бөлімше келіп жетті, содан кейін жеке құрам бастапқыда өрт ошағында үлкен температурада өртті сөндіруге арналған жылу шағылыстырғыш костюмдер киіп өртті сөндіруге кірісті.

Қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының қалған автотехникасы келгеннен кейін өрт сөндіру басшысы көбік шабуылын дайындау және өткізу туралы команда берді, бұл резервуардың үстінен тікелей 2 рет өрт сөндіру автосатысы люлькасында орнатылған ГПС-600 арнайы өрт сөндіру оқпандарының және жердегі "Пурга" 2 өрт сөндіру оқпандарының көмегімен резервуардағы өртті сөндіруді қамтиды.

Көбік шабуылынан кейін өрт сөндіру басшысы қызметтің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына шартты өртті оқшаулау және кейіннен жою туралы ақпаратты берді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 10 негізгі, 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында өндірістік объектілердегі өртті сөндіру бойынша іс-қимыл пысықталды. Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері орындалды.

 

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы