Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

«ҚР Халықты әлеуметтік қорғау Заңының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы №369 ҚР Заңына түсінік беру

 

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам – Ұлт жоспарында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту жолымен оңтайландырудың жаңа бағыты іске асырылуда.

 

Нәтижесінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» №369 Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

 

Жаңа Заң  мен қолданыстағы заңның өзгешілігі мынандай:

 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін кедейшілік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40%-дан 50%-ға дейін көтерілді.

 

Жаңа Заң әлеуметтік саладағы екі маңызды өзгерісті көздейді.

 

Бірінші — азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдерге қолжетімділікті арттыруды қарастыратын трансформация шаралары болса, екіншіден, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту көзделеді.

Аталған Заң аясында қазіргі таңдағы қолданыстағы әлеуметтік жәрдемақылар яғни:

– көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақысын;

– аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын;

– аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек түрлері жойылып, орнына бір жәрдемақы ретінде жаңа атаулы әлеуметтік көмек қабылданды.

Жаңа атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмеке.

 

1. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі.

 

2. Шартты ақшалай көмек (ШАК) құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

 

Аудандық (қалалық) комиссиялар жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу мәселелер бойынша жұмысын үйлестіруші ролін атқарады. Үміткер адамдардың құжаттарын Жұмыспен қамту орталықтары комиссия мүшелеріне қарау үшін дайындайды.

 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жауапкершілігі:

 

Егерде әлеуметтік келісімшарт талаптары орындалмаған немесе бас тартқан жағдайда еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне жаза қолданылады, яғни бірінші жағдайда ақшалай көмек мөлшері 50% қысқартылады немесе (қайталанса) тоқтатылатын болады. Дегенмен, балаларға қатысты әлеуметтік төлем сақталатын болады.