Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Тақырыбы: «Трансшекаралық аумақтағы қысқы кезеңнің төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою бойынша өзара іс-әрекетті ұйымдастыру».
Оқу мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы мен Ресей ТЖМ Саратов облысы бойынша Бас басқармасының Дағдарыс жағдайларындағы басқармасы орталығы арасындағы жедел-техникалық (ұйымдастыру) іс-шаралар кешенін өңдеу.
2. Жедел-кезекшілік аусымдардың дайындық деңгейін анықтау, жалпы қолданыстағы мемлекеттік телефон желілері, ведомстволық электронды-почталық қызметтер,  Skype бейнебайланысы арқылы басқаруды (ақпараттандыруды) ұйымдастыру.

Өту уақыты: 2018 жыл 12 ақпан (сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін)

Өту орны:
ҚР – Орал қ., Батыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы
РФ – Саратов қ., РФ ТЖМ Саратов облысы бойынша Дағдарыс жағдайындағы басқрама орталығы.

Қатысушылар құрамы:

  1. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқарамасының жедел-кезекшілік ауысымы (әрі қарай – БКДҚБ).
  2. Ресей ТЖМ Саратов облысы бойынша Бас басқармасының Дағдарыс жағдайындағы басқарма орталығының жедел-кезекшілік ауысымы (әрі қарай – ДЖБО).

 

I. Жаттығу өткізудің жалпы негізгі ойы
1. Бастапқы жағдай
Жалпы жағдай

2018 жылдың 12 ақпанында «Казгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 12 ақпанында Батыс Қазақстан облысында қатты бұрқасын, 15-20 жел, 25 м/с дейін ұйытқу, ауа температурасының 15-20 дейін төмендеуі, кей жерлерде 30 градус аяз күтілуде деген дауылды алдын ала ескерту хабарламасын жіберді.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің «Жоғарғы» қызмет көрсету режимі енгізілді.
Қатты бұрқасынға, 15-20 желге, 25 м/с дейінгі ұйытқуға, ауа температурасының 15-20-ға дейін төмендеуіне, кей жерлерде 30 градус аяз болуына байланысты 2018 жылдың 12 ақпанында «Ұлттық комания «КазАвтоЖол» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстандық филиалының, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің (әрі қарай – ІІД ЖПҚ) бірлескен шешімімен, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысының транспорттың барлық түріне арналған Республикалық, облыстық және жергілікті мәндегі жалпы қолданыстағы автожолдарын жабу жүргізілді. Жабу стационарлық постар мен жылжымалы экипаждарда ІІД ЖПҚ-ның күштері мен құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Жеке жағдай
Батыс Қазақстан облысының климаты қатты қыс пен ыстық жаз континенттік ауа райымен сипатталады. Температураның айырмасы 750 С дейінгіні құрайды.
Төрттен бес айға дейін ұзаратын қысқы кезеңде әсіресе, қаңтар-ақпан айларында жоғары жылдамдықпен ерекшеленетін борандар жиі болуы мүмкін, қыста жолдарда күртік қар басатын және ауылдар мен авторанспортты негізгі магистралдардан жиі үзетін сырма борандар мен бұрқасындар 30 күнге дейін болып тұрады.
2018 жылдың 12 ақпанында сағат 10.25-те БКДҚБ-ға рейстік автобус жүргізушісінен қатты желдің нәтижесінде Республикалық А-29 автожолының шекараға шектес аумақтағы 104 км жолын күртік қар басқаны, «Орал-Саратов» жүру жолындағы 42 жолаушысы бар «Setra» м.н. 845 ВТМ 07  жолаушылар автобусы, 5 жүк автомобилі және 20 жеңіл автомобиль батып қалғаны жөнінде телефондық хабарлама келіп түсті.
II. Жаттығудың негізгі ойы
Жасалған жағдай барысында қысқы кезеңнің жайсыз метеорологиялық құбылыстарынан туындап мүмкін болатын төтенше жағдайларды жою бойынша трансшекаралық төтенше жағдай туындау кезіндегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру кезіндегі БКДҚБ мен ДЖБО жедел-кезекшілік ауысымдары жұмыстарының мәселелері өңделеді.
Жаттығу 2018 жылдың 12 ақпанында сағат 10.00-де (астрономиялық уақыт) басталды.