Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Материал Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың деректер базасы негізінде дайындалды.

 

БҚО аумағында есеп беру кезеңінде табиғи және техногендік сипаттағы-20 төтенше жағдайлар тіркелді (2017ж. – 14, 42,8,% көбейді), 20 адам зардап шекті (2017ж. –11, 81,8%-ға көбейді), қаза тапқан адамдар - 2 (2017ж. – 4, 50%-ға азайды).

 

 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – 20 (2017 ж. -66,6% көбейді) оқиға орын алып, бұл ретте зардап шеккендер 20 адам (2017 ж.-4, 400% көбейді),  қаза болған адамдар - 2 (2017 ж.-4, 50 %-ға азайды).

 

10 (2017ж.- 8) тұрмыстық өртер 25 %-ға  көбейді;

 

0 (2017ж.-1) тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авария, 100%-ға азайды;

 

2 (2017ж.-0) техногендік жазатайым оқиғалар, 100%-ға көбейді;

 

7 (2017ж.-3) жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді анықтау (жоғалту), 133,3%-ға көбейді;

 

1 (2017ж-0) көлік авариялары (апаттар), 100%-ға көбейді.

 

 

Табиғи  сипаттағы төтенше жағдайлар: 0 (2017-2), зардап шеккен адамдар жоқ (2017-7,100% -ға көбейді), қаза болған адамдар жоқ.

 

0 (2017ж.-1) метеорологиялық қауіпті құбылыстар (қатты жел)100%-ға азайды;

 

0 (2017ж.-1) жұқпалы аурулар, улану (тамақтан улану) 100%-ға азайды.

 

 

 

Орын алған төтенше жағдайлардың негізгі себептері:

 

- өртпен абайсыз болу, балалардың өртпен ойнауы.

 

-улы газбен улану.

 

Осылайша, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ТЖ саны 42,8%-ға көбейді,  зардап шеккендер саны 81,8%-ға көбейді, қаза тапқандар саны 50%-ға азайды.

 

Осыған байланысты ӨҚСБПҚБ, Орал қаласы және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтарына:

 

- өрт қауіпсіздігі ережелері туралы көрнекі материалдарды (жаднамалар, кітапшалар, ұсыныстар) жасауды және оларды тұрғындар арасында таратуды, баннерлер мен билбордтар орналастыруды ұйымдастыру;

 

- тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі, орын алған өрт фактілері мен себептері мәселелерін БАҚ-та және Департаменттің, ТЖК веб-сайтында жариялау жұмысын жалғастыру ұсынылады.

 

Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғауға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша жалғастырылатын болады.

 

Ақпараттық-аналитиқалық бөлімшесі.