Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

2018 жылдың маусым айы бойынша

Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

 шолу-талдау ақпараты

 

Материал Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың деректер базасы негізінде дайындалды.

 

БҚО аумағында есеп беру кезеңінде табиғи және техногендік сипаттағы-23 төтенше жағдайлар тіркелді (2017ж. – 18, 28% көбейді), 21 адам зардап шекті (2017ж. –14, 50%-ға көбейді), қаза тапқан адамдар - 3 (2017ж. – 7, 57,1%-ға азайды).

 

 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – 23 (2017 ж. -43,7% көбейді) оқиға орын алып, бұл ретте зардап шеккендер 21 адам (2017 ж.-7, 200% көбейді),  қаза болған адамдар - 3 (2017 ж.-7, 57,1 %-ға азайды).

 

11 (2017ж.- 12) тұрмыстық өртер 8,3 %-ға  азайды;

 

0 (2017ж.-1) тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авария, 100%-ға азайды;

 

2 (2017ж.-0) техногендік жазатайым оқиғалар, 100%-ға көбейді;

 

9 (2017ж.-3) жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді анықтау (жоғалту), 200%-ға көбейді;

 

1 (2017ж-0) көлік авариялары (апаттар), 100%-ға көбейді.

 

 

Табиғи  сипаттағы төтенше жағдайлар: 0 (2017-2), зардап шеккен адамдар жоқ (2017-7,100% -ға көбейді), қаза болған адамдар жоқ.

 

0 (2017ж.-1) метеорологиялық қауіпті құбылыстар (қатты жел)100%-ға азайды;

 

0 (2017ж.-1) жұқпалы аурулар, улану (тамақтан улану) 100%-ға азайды.

 

 

Орын алған төтенше жағдайлардың негізгі себептері:

 

- өртпен абайсыз болу, балалардың өртпен ойнауы.

 

-улы газбен улану.

 

Осылайша, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ТЖ саны 28%-ға көбейді,  зардап шеккендер саны 50%-ға көбейді, қаза тапқандар саны 57,1%-ға азайды.

 

Осыған байланысты ӨҚСБПҚБ, Орал қаласы және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтарына:

 

- өрт қауіпсіздігі ережелері туралы көрнекі материалдарды (жаднамалар, кітапшалар, ұсыныстар) жасауды және оларды тұрғындар арасында таратуды, баннерлер мен билбордтар орналастыруды ұйымдастыру;

 

- тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі, орын алған өрт фактілері мен себептері мәселелерін БАҚ-та және Департаменттің, ТЖК веб-сайтында жариялау жұмысын жалғастыру ұсынылады.

 

Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғауға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша жалғастырылатын болады.

 

Ақпараттық-аналитиқалық бөлімшесі.