Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

24.12.2017

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша 25-26  желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 25-26 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.