Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

08.01.2018

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша 2018 жылғы 8 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 8 қаңтар жауын-шашын жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.