Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.08.2019

 

Өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, апаттық қызметі — бұл мекемелер күнсайын адамдарды апаттан құтқарады. Күн сайын оларға көмек сұрап қоңырау түседі. Бірақ адамдардың өзі кейде оларды жалған шақырулармен алаңдатып, жұмыстарын орындауға кедергі келтіреді.

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 438-бабына сәйкес арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін бұзақыларға отыз айлық есептік көрсеткішінде (75750 теңге)  айыппұл салынады, егер қоңырау бір жыл ішінде немесе өртті, аварияны жою кезінде қайталап жасалса, онда әкімшілік айыппұл екі есе көбейеді (60 АЕК).

 

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

        

Көрінеу жалған шақыру - бұл нағыз қылмыс. Осылайша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

        

Көбінесе "әзілкештер" бомба қойылғанын айтып хабарлайды. Егер балалар қоңырау шалса, онда бомба мектепте салынғанын айтады. Бірақ егер балалар әлі кішкентай болса оларды түсінуге болады, ал ересек адамдардың нені негізге алатыны түсініксіз. Жыл сайын жалған шақыру үшін жауапкершілік күшейтіледі.

 

Заманауи техникалық құралдар "жасырын" нөмірден немесе таксофоннан қоңырау шалуға тырыссаңыз да, кез келген нөмірден және елдің кез келген нүктесінен қоңырауды оңай анықтап, сізді міндетті түрде табады және заңның барлық қатаң түрі бойынша жауап беруге мәжбүрлейді.

 

Қоңырау шалмас бұрын және бомба немесе өрт туралы хабарламас бұрын сіз өзіңіз және айналаңыздағылар үшін сіздің қоңырауыңыздың салдарын ойланыңыз, ал кенеттен осы сәтте өрт немесе апат болды, кенеттен дәл осы сәтте құтқарушылар адамдардың өмірі үшін арпалысып жатады, ал сіз өзіңіздің жалған шақыруыңыз арқылы оларды жұмысынан қалдырып, шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарды көмексіз қалдырасыз.

 

Сондай-ақ, өз балаңызға мұқият болыңыз, олардың мұндай теріс қылықтар жасамауын қадағалаңыз және оларға қандай да бір жағдайда да жалған шақыруға болмайтынын түсіндіріңіз!

 

 

Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы